16
Мамыр

Санат жоқ 16.05.2014

«Ақ жолдық» азаматтың Хиуаға отызыншы сапары

16 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
«Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының белсенді мүшесі,  маңғыстаулық абзал азамат  Қырлыбек Өтетілеуов 2006 жылдан бері Ұлыстың ұранына айналған Пір Бекет атаның білім алған ордасы  Хиуадағы   Шерғазыхан  медресесінде Атаға арнап мұражай-бөлме ашу және Ата жайында құнды деректер іздестіру мақсатында игілікті іспен айналысып келеді. Бүгінде осы ұлт мұратына аянбай еңбек етіп жүрген азаматтың бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылып, 2011 жылы Пір Бекет атаның білім алған ордасы  Хиуадағы   Шерғазыхан  медресесі орналасқан  «Ичан қала» қорық-мұражай кешенінде  Атаға арналып мұражай-бөлме ашылса, 2013 жылы мұражайға кіреберісте толық жасауымен қазақтың ақ шаңқан киіз үйі тігілді. Хиуаға Ата мұраларын зерттеп-жинақтау мақсатымен барып жүрген  Қырлыбек Өтетілеуов және маңғыстаулық қырыққа жуық айтулы азаматтар  жергілікті лауазымды орындардың арнайы бекіткен салт-жоралғысына сәйкес Ата рухына бағыштап  берілген құдайы садақаға қатысып қайтты. Мамыр айының 02- жұлдызында қасиетті жұмада берілген құдайы садақаға 420-дай жергілікті адамдар қатысып, Хиуаға  отызыншы сапармен барған  Қ.Өтетілеуовке тәбәрік ретінде шапан жабылып, Өзбекстан Республикасы  Хорезм вилояти  Мәдениет басқармасы мен Хиуа «Ичан кала» кешендік музейі әкімшілігінің  Алғыс хаты табысталды. Атаға арналған мұражай-бөлмелер әлі де тарихи жәдігерлермен толықтыруды қажет етеді. Қазіргі таңда аталған мұражай-бөлме мемлекеттік мекеме меншігіне тиісті күту, сақтау, байыту жұмыстары негізінде мекеменің жарғысына сай атқарылуда. Әлемнің  әр түкпірінен келіп-кетіп  жатқа туристер осы Бекет ата Мырзағұлұлының өмірімен  және мұраларымен танысуда. Осы бастама түркі тілдес екі елдің ынтымағын нығайта түспек. Сонау ХVIII-XIX ғасырларда   атойлап қазақ  жеріне көз тігіп, жеріңді алам, бермесең жаныңды алам деп алқымдаған Хиуа хан ордасында Пір Бекет білім алып,  әлемді білектің күші емес, ғылымның нұры, білімнің шыңымен мойындатудың ізгілікті жолын көрсете білді. Атаға арналған мұражай-бөлмелер әлі де тарихи жәдігерлермен толықтыруды қажет етеді. Ендеше Ата мұрасын ұлықтау болашақтың еншісінде екенін ескере отырып, төмендегідей ұсыныстар білдіреміз:
·         Қарақалпақстан аймағында Бекет атаның тағы да бір жерасты мешіті болды деген жорамалды толық ғылымиландырып, археологиялық қазба жұмыстар негізінде анықтау;
·         Бекет атаның бізге белгілі жерасты мешіттерінің стандарт бойынша макеттерін дайындау;
·         Бекет ата туралы нақты тарихи құжаттарды жинастыру, зерттеу;

12.05.2014 ж. «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының белсенді мүшесі,  маңғыстаулық абзал азамат  Қырлыбек Өтетілеуов Хиуаға барған отызыншы сапарынан сұхбат беруде.