20
Мамыр

Санат жоқ 20.05.2014

Азат Перуашев Маңғыстау өңірінде болып қайтты

20 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстанның  «Ақ жол» Демократиялық Партиясының төрағасы Азат Перуашев 18 мамыр күні Маңғыстау өңірінде болып қайтты. Алдымен «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының ұжымымен кездесіп, аймақтағы партияның атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ филиал төрағасы Ж.Матаев «ХХI-ғасырдағы  Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы және Қазақстанның  «Ақ жол» Демократиялық Партиясының парламенттік қоғамдық қабылдау бөлімінің ашылғандығын жұртшылықпен таныстыру мақсатында қала орталықтарына орналастырылған билборд жөнінде айта кетті. Насихат жұмыстарының кеңінен жүргізіліп, қолдаушылардың да  табылып жатқанын баса айтып өтті.  Содан соң Ақтау қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Arсelor Mittal» АҚ-ның бас ғимаратында мекеме басшылығымен кездесті. Кездесу барысында зауыттың қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі мен шығарылатын өнімдер туралы мағұлматтар берілді.  «Arсelor Mittal» АҚ аймақтағы бірден-бір спиралтәрізді құбыр шығаратын зауыт және өнімдерінің негізі  20%  ТКҚ, 80% мұнайгаз тасымалдау үшін қолданылады. Аталған зауыттың техникалық қауіпсіздік ережелерінің  қатаң сақталатындығын ескере отырып, қызу жұмыс жүріп жатқан өндіріс ошағында болды. Ары қарай зауыт зертханасында болып, өндірілетін өнімнің талапқа сай екендігін және шикізаттың сапасын анықтайтын арнайы құрылғылар жұмысымен таныстырылды. Еркін экономикалық аймаққа қарасты субзонада  орналасқан «Arсelor Mittal» зауытының басшылығы  кезек күттірмейтін мәселелерін де ортаға салды. Осы мәселелер оң шешімін тауып жатса өңірдегі тағы да бір жұмыс көзінің дұрыс жолға қойылғандығы болар еді. Зауыт жұмысымен танысқан соң облыстық Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының жанындағы  аймақтық Кеңестің  төрағасы Ж.Сүйіндіковпен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуы жайында сөз қозғалды. Жұмыс сапарының соңында Азат Перуашев облыс әкімі Алик Айдарбаевпен кездесіп, жоғарыда аталған зауыттың жай-күйі, жұмыс барысы жайында және қозғалған мәселелер төңірегінде айтып өтті.


             «Arсelor Mittal» АҚ зауытының жұмысымен таныстыруда.