21
Мамыр

Санат жоқ 21.05.2014

«Ақ жол»: Мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасының басым бағыттарының бірі болуы тиіс

2014 жылғы 21 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасының басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл туралы  Нұрлан Жазылбеков бүгінгі Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлімдеді.
Фракцияның Премьер-министр К.Мәсімовтің атына  жолданған депутаттық сауалында Бағдарлама шарттарын кеңейтудің қажеттілігі туралы айтылды.
«Мүгедек жандарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді тетіктерінің бірі 2020 Еңбекпен қамту жол картасында қарастырылған шаралар болып отыр. Онда денсаулығы бойынша еңбек етуге жарамайтын белгілері жоқ мүгедектерге басымдылық тәртіппен шағын несие беру арқылы ауылдық жерлерде жеке істерін ашу немесе кеңейту жолымен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетуге жағдай жасалады» - делінген сауалда. Осындай қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен қарастырылған.
          Алайда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін  мемлекеттік гранттардың берілу тәртіптеріне сәйкес кәсіпкер гранттық қаржыландыруға сұраным бере алмайды, себебі «Еңбекпен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша олармен несие бұған дейін алынып қойылған.
          «Бір бағдарлама бойынша несие алған кәсіпкер оны негізгі құрал-жабдықтарды алуға жұмсайды, сол себепті айналымдағы қаржысы бизнесін дамытуға жеткіліксіз болып қалады. Аудан орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда мемлекеттік шағыннесиелік және шағынқаржылық ұйымдардың өкілдіктерінің жоқтығына байланысты кәсіпкерлерге несиелер алу қиын»-деп атап өтті Н.Жазылбеков.
          Депутат келесі мәліметтерді келтірді: Қазақстанда қазіргі уақытта 600 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Бұл жалпы халық санына шаққанда 3,5 пайыздан астам, оның-65,6% еңбекке қабілетті жастағылар құрайды, 47%  жұмыс істей алады. Еңбекпен қамтылған мүгедектердің саны 82 мыңға жуық адамды немесе еңбекке қабілетті мүгедектердің жалпы санының 43,5 пайызын құрайды.
          Кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік теңсіздікті еңсеруге және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау және бизнес идеяларын іске асыруға гранттар бөлу үшін «Ақ жол»  фракциясының депутаттары «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының кейбір бөлімдеріне келесі өзгерістерді енгізу қажет деп санайды:
          - Еңбекпен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолдау алып қойған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға бағдарламаға қатысуға жағдай жасау;
          - Еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша шағыннесиелік және шағынқаржылық ұйымдармен берілген шағын несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға мүмкіндік беру;
          - Аудан орталықтарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында шағын несиелер беруді жүзеге асырушы шағыннесиелік және шағынқаржылық ұйымдарды орналастыру, сондай-ақ, осы орталықтардағы «Еңбекпен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушылар үшін бизнесті жүргізу жөнінде кеңес беруге мүмкіндік жасау.
          Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру Мемлекет басшысының ШОБ дамыту және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша «Қазақстандық жол -2050» Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыруға қосқан елеулі үлес болатындығына «Ақ жолда» сенімді.
          «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмысын жалғастыра береді.