26
Мамыр

Азат Перуашев Хорватия және Югославияның экс-Президенті Штефан Месичпен кездесті

26 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.
Өткен бейсенбіде «Ақ жол» ҚДП орталық кеңсесінде Партия төрағасы Азат Перуашев  Қазақстанға YII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Югославияның (1991ж.) және Хорватияның (2000-2010ж.ж.) экс-Президенті Штефан Месичті қабылдады.
Ш.Месичпен бірге оның кеңесшісі және кеңсесінің жетекшісі Мирьян Павокович және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің іскер адамдарының Қауымдастығының президенті Марио Рендулич болды.  Қазақстан тарапынан кездесуге «Ақ жол» ҚДП жетекшілері және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.  
Аталған кездесу «Ақ жол» ҚДП-ның Хорватияның іскерлік және саяси ортасымен ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Өткен жылы қазақстандық демократтардың делегациясы Хорватия Парламентінде бірқатар кездесулер өткізген, ал Азат Перуашев Загреб бизнес-мектебінде лекция оқыған болатын. Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусымында Хорватияның Лейбористік партиясынан Еуропарламент және Хорват парламентінің депутаттарының сапары күтілуде, оның аясында ХЛП-ның «Ақ жол» партиясымен өзара ынтымақтастығы туралы келісіміне қол қойылады.
Месич мырза Хорватияның Еуропалық Одаққа кіруі тұрақтылықтың кепілі болды, ал оның транспорттық-транзиттік инфраструктурасы және географиялық жағдайы біздің елдеріміздің іскерлік ынтымақтастығы үшін едәуір әлеуеттілікті құрайды. Алайда ЕО кіру жергілікті экономика үшін белгілі бір шығындар да әкелді, ол туралы өткен жылы бірқатар хорваттық кәсіпорындарды аралаған А.Перуашев та айтты.
Экс-Президент мырза сонымен қатар бұрынғы Югославиядағы азаматтық соғыстың тәжірибесі бойынша Украина төңірегіндегі ахуалға баға берді.
Хорват тарапының өкілдері бұл елдің Қазақстандағы елшілігін ашу туралы мәселенің саяси деңгейде шешілгенін айтты. Бұдан басқа, бизнесмен Марио Рендулич экономикалық байланыстарды жолға қою және бизнес-жобаларды бірлесіп іске асыру үшін өзі басқаратын Еуропаның Оңтүстік-Шығыс елдерінің іскер адамдары Қауымдастығының Қазақстанда өкілдігін ашу жөніндегі жоспарлары туралы хабарлады. 
Ш.Месич пен А.Перуашев сондай-ақ Еуропа және Азия елдерінің ынтымақтастығын дамытудың қажеттілігі туралы  пікір алмасты, аса зор халықаралық беделге ие Президент Н.Назарбаевтың атымен тығыз байланысты Қазақстанның бұл үдерістегі маңызды рөлі атап көрсетілді.