15
Қараша

«Ақ жол» депутаттары денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді тоқтатуды және Павлодар облыстық диагностикалық орталығының бағалау құнын айқындаудың заңдылығын тексеруді талап етеді

             15 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

        «Ақ жол» депутаттары денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді тоқтатуды және Павлодар облыстық диагностикалық орталығының бағалау құнын айқындаудың заңдылығын тексеруді талап етеді – бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырыс барысында Дәния Еспаева мәлімдеді. Бұл «Ақ жол» фракциясының вице-премьер Ерболат Досаевтың атына кезекті сауалы.

Осы жылдың 25-ші қазанындағы сауалда «ақжолдықтар» фракция денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді мемлекет пен қоғам үшін нақты шарттары мен түсінікті пайдасы бар тиісті бағдарламасы әзірленгенше тоқтата тұруды талап етті. Мемлекет жекешелендірілген нысандар үшін нақты қаражат, нысанның өзі жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау үшін жеткілікті қосымша инвестициялар алмайды деп аталған болатын.

Депутаттардың күдігі расталды. Мысалы, қыркүйек айында Павлодарда облыстық диагностикалық орталық және екі емхана сатуға қойылды. Бастапқы бағалары: диагностикалық орталықтың - 557 млн. теңге, №1-ші емхананың - 224 млн.теңге және №2-ші емхананың - 347 млн. теңгені құрады.

Нәтижесінде, диагностикалық орталық 315 миллион теңгеге сатылды.

«Ratel.kz» сайтының мәліметі бойынша, диагностикалық орталықтың ауданының өзі 7104 шаршы метр (орташа бағамен 155 мың теңге шаршы метрге) миллиард теңгеден астам сомаға бағаланады. Ал магнитті-резонансты томографияның, рентген аппаратының, УДЗ аппараты және бауырды фибросканерлеу, маммографтың ең төменгі құны 500 млн. теңгені құрайды – және бұл жабдықтардың бір бөлігі ғана.

«Қалайша бұл нысан өзінің төменгі бағалау құнынан 5 есе арзанға жекешелендірілді?» - деген сұрақ «ақжолдықтарды» мазалайды.

Еспаева 21-ші қараша күні Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында көз ауруларының Қазақ ғылыми-зерттеу институтын және Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығын сатып алу бойынша тендер жарияланады, бастапқы бағалары 3 млрд. және 1,6 млрд. теңге деген ақпаратты келтірді. Әзірше, екі нысан республикалық меншік иесінде.

 «Осы нысандардың сату бағасы диагностикалық орталық сияқты 2 есеге төмендеуі мүмкін», - екенін депутат атап өтті және Мемлекеттік мүлік комитетініңалдағы уақытта тағы да 3 маңызды нысанды жекешелендіру жоспарлары туралыдеректер келтірді, ал  2018 жылдың мамыр айында - «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және «Ұлттық нейрохирургиялық орталығы» АҚ.

«Мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтауға, медициналық орталықтарды жаңғыртуға жыл сайын шамамен 1 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Денсаулық сақтау нысандарын сату кезінде жұмсалған қаржылар есепке алынбайды. Мемлекет қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру үшін миллиардтаған қаржы жұмсап, енді қазір сату кезінде бұл нысандар жеке меншік иесіне төмендетілген бағамен ауысатын болады, - деп Еспаева атап өтті.– Ал егер мемлекет кенеттен медициналық холдинг құратын болса, осы клиникаларды қайтадан толық құнына сатып алуына тура келеді және ешкім бюджетке ешқандай жеңілдік жасамайтын болады» – деп бұрынғы сауалымызда да айтқан болатынбыз».

Осыған орай, «Ақ жол» депуттатық фракциясы қайтадан келесі ұсыныстарды жолдайды:

1)    Денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді мемлекет пен қоғам үшін нақты шарттары мен түсінікті пайдасы бар тиісті бағдарламаны әзірлеу.

2)  Жоғарыда аталған бағдарлама әзірленгенше денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді тоқтату.

3) Тиісті органдарға «Павлодар диагностикалық орталығының» бағалау құнын айқындаудың заңдылығын тексеруді тапсыру.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.