04
Қантар

«Ақ жол» депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Кеңес Абсатиров Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесті

4 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» КДП Оңтүстік Қазақстан филиалы

«Ақ жол» депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Кеңес Абсатиров Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесті. Жұмыс кестесі «Қазығұрт» индустриялық аймағының тынысымен танысудан басталды. Онда депутаттар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен өндірістің одан әрі өсуі мен проблемалары туралы әңгімелесті. Депутаттар сондай-ақ, осы ауданның  кондитерлік дүкендерінің бірінде болып, колледждерді аралап,  оқу орынның  оқу жоспарлары мен мен материалдық-техникалық базасымен танысты және Айнатас кентінің тұрғындарымен кездесті.

Қазығұрт аудандық ішкі істер басқарма басшылығымен кездесу барысында Ішкі Істер Министрлігінің бөлімшелерін бұрынғы құрылымға қайтару туралы ұсыныстар айтылды. Яғни, жол патрульдік қызметінің жұмысын жол қозғалысы бақылауынан елді мекендерді күзетуге аудару.

Полиция қызметкерлері қылмыстық істерді электрондық түрде жүргізуге және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін пәтерлер үлестіруге оң бағаларын берді. Бірақ  олар аймақта сот сарапшысының болмауына, белгілі бір қызмет көрсету процестерінің бюрократияланғанына,  жалақының аздығына, санаторлық-курорттық емделудің жоқтығына және қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы алып тасталғанына  шағымданды.

Сарыағаш ауданындағы кездесулерде ауыл шаруашылығына байланысты мәселелер көтерілді.  Атап айтқанда, аталған сала мамандары жылыжайларды субсидиялауға бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігі,шағын механизация құралдарын сатып алу үшін кооперативтерді субсиядиялау кемшіліктері туралы шағымданды. Олар шаруа қожалықтары үшін жеке заң қажет деп есептейді. Кәсіпкерлерді сондай-ақ білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі де  қынжылтады.

Ауыл тұрғындары үйді иемденуге арналған актілерді тіркеуге байланысты туындайтын мәселелер туралы айтып берді. Бұдан басқа, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың жағдайы, энергиямен жабдықтау, мектеп, көлікпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелері талқыланды.

Осы аталған ауандардың кәсіпкерлері электр және газ тарифтерін төмендету мәселесін көтереді.