05
Қантар

Санат жоқ 05.01.2018

Меруерт Қазбекова рухани жаңғыру жұмыстарымен танысты

«Ақ жол» ҚДП Ақмола  облыстық  баспасөз  қызметі, 2018 жылдың 5 қаңтары

Көшпелі сессия барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова облыс орталығындағы «Рухани жаңғыру»  өңірлік жобалау офисінде болып,  аталған салада жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында аталған өңірлік офистің жетекшісі,  «Өрлеу»  мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры Еркін Иісімбаев слайд арқылы өткен жылы атқарылған шаралар жөнінде хабарлама жасады.


     Ал,  Парламент өкілі Елбасының рухани жаңғыру идеясы дер кезінде жарияланған бастама екенін атап көрсетті. Алғаш тәуелсіздік алған жылдары бәрін былай ысырып қойып,  саясаттан да бұрын экономиканы қолға алған едік. Рухани жаңғыру және адамдардың өз тарихын білуге деген санасын ояту аса маңызды болып табылады. Дөңгелек үстел қатысушылары да өз ойларын ортаға салды. Сауалдар да жолданып,  ұсыныстар да айтылды. Өз кезегінде Меруерт Қазбекова былтырғы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуға арналып, «Ақ жол» ҚДП-сы мен Шоқан Уәлиханов атындағы  Тарих және этнография институты бірлесіп шығарған  мерейтойлық медалді Еркін Иісімбаевқа салтанатты түрде табыс етті.