31
Қантар

«Ақ жол»: Мемлекеттік органдар өздерінің бос жұмыс орындарын нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларынан неліктен жасырады?

31 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол»: Мемлекеттік органдар өздерінің бос жұмыс орындарын нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларынан неліктен жасырады?–осындай сауалды Кеңес Абсатиров ҚР Еңбек министрілігіне және Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдады.

«Республиканың табысты дамуының маңызды түйіні - өңірлердің теңгерімді дамуы, оның ішінде еңбек ресурстарын бөлу. Осыған орай Үкімет жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші жетпейтін өңірлерге ішкі көші-қонға жәрдемдесу үшін бірқатар шараларды жүзеге асырып жатырғаны белгілі. Бұл бағытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, кері тұтастары да бар», - делінген сауалда.

Оңтүстік өңірдің сайлаушылармен кездесу барысында  бағдарламаға потенциальды қатысушылар тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпараттың жеткіліксіз екенін атап өтті.

Бос жұмыс орындардың  негізгі бөлігін қара еңбек құрайды: мал бағушы,  күзетші, қара жұмысшылар; ал білікті лауазымдардың ішінде – тек мұғалім немесе дәрігер сұранысқа ие.

«Бұлардың барлығы лайықты ұсыныстар. Алайда, әкімдіктерде, құқық қорғау органдарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде бос жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауы таң қалдырады», - деді Абсатиров. - Мұндай деректерді әлеуетті қатысушы өздігінен іздеуге мәжбүр болады, бірақ аудандық және ауылдық әкімдіктердегі бос орындар туралы ақпарат тек Солтүстік Қазақстан облысының сайттарында ғана бар екен.

 Бұл осындай мүмкіндігі бар 4 облыстың ішіндегі жалғызы».

Ал БАҚ-да жұмыс күші жетпейтін облыстарда мемлекеттік қызметте жүздеген және мыңдаған кадр жетпіспейді деген хабарламалар толып тұр.  Мысалы, БАҚ-ның мәліметі бойынша 2017 жылдың аяғында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметінде 670 бос жұмыс орны есептелді.

2016 жылы Павлодар облысының мемлекеттік органдарын тексеру нәтижесінде 441 тексерілген құрылымдардағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жұмыспен қамту орталығына жіберілмеген 6190 фактсі анықталды.

БҚО-да жергілікті полиция қызметінде 600 бос жұмыс орны бар.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама университет түлектеріне басымдық береді.

 «Шынында да, егер оңтүстік өңірлерден келген жас жігіт мысалы, аудандық инспектордың көмекшісі немесе облыстық әкімдіктің маманы болып жұмысқа тұрса, несі жаман? Неге (ішкі көші-қон) нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының шарттарымен осындай жағдайлар бойынша қолдау шаралары қарастырылмаған? Сонда бір аймақтан екінші аймаққа көшкен кезде, олар Қазақстан азаматтары болудан қалама?» - деген сұрақ «Ақ жол» депутаттарын мазалайды.

Сауалда мұндай кемсітушілікке біздің еліміздің негізгі заңымен тыйым салынған.

«Әрине, жаңадан келген үміткерлер  мемлекеттік қызметке немесе құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру үшін заңнамамен белгіленген барлық рәсімдерден өтуі керек. Мемлекеттік қызметке қандай да бір басқа жолмен кіру туралы ешкім айтып тұрған жоқ. Бірақ, оларды мұндай мүмкіндіктен айыру да әділетсіздік», - деп есептейді «ақжолдықтар».

«Жастардың бұл санаты басқа көшіп келушілерден несімен ерекшеленеді? Әлде жергілікті мемлекеттік органдар жергілікті элитаның және олардың туыстарының «жабық клубы» болып табылама? Бұл жағдайда қандай меритократия туралы айтуға болады?» - деп фракция депутаттары тағы сауал қойды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:

1. 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үшінші бағытына түзетулер, оның ішінде:

- бағдарлама қатысушыларына қабылдаушы өңірлердің мамандар қажеттілігі, соның ішінде жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпартатты enbek.kz. электронды еңбек биржасының  веб-сайтында орналастыру.

- бағдарлама қатысушыларына қабылдаушы өңірлердегі мемлекеттік органдарда жұмысқа орналасуға өтініш беру кезінде қолдау көрсету шараларын тарату мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

2. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мемлекеттік органдарда бос жұмыс орындаына орналасу бойынша конкурстық хабарландыруларды уақтылы жариялау;  қазіргі лауазымды тұлғаларға бонустар мен қосымша төлемдерді есептеу үшін бос орындардың сақталу тәжірибесін алып тастау; ұзақ уақыт толтырылмаған мұндай лауазымдарды штаттық кестеден алып тастауына бақылау жүргізу.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.