23
Мамыр

Жеңіс күні жастарға жігер берді - 'Қазақ үнi' газеті

Казак yнi (Алматы), № 19 (628), 13.05.2014

Соңғы кездері қоғамда жиі көрініп, жүрген әрі жастардың көкейіндегі өзекті мәселелерді шешу жолындағы жұмыстарға белсене кіріскен «Ақ жол» жастары» қоғамдық бірлестігінің беделі күннен-күнге артып отырғаны шындық. Бұл жастар ұйымы былтыр күз айында дүниеге келген болатын. Қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйым болып табылатындықтан, ұйымның басты мақсаты — жастарға Елбасымыздың салиқалы саясатын насихаттау, жастардың санасында патриотизмді, идеалдар жүйесін қалыптастыру, танымдық және жан-дүниесін дамыту, патриот болып қалыптасуына жағдайды қамтамасыз ету, жастар арасында Қазақстан азаматтарының халықтық бірлігі идеясын насихаттау, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жастар арасында түсіндіру және заңсыз діни ұйымдарының алдын алу туралы түсіндіру, олардың бойында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарының жүргізу. тойын жергілікті биліктің ұйымдастыруымен қаламыздың «Абай» саябағыңда өткен «Мәңгілік даңқ» атты шеруінің іс-шарасына «Ақ жол» жастары» қоғамдық бірлестігі де қатысып, қан майданда от кешкен соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етуге көшбасшысы Мамықова Назипа ұйым мүшелерімен бірге гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғысқа қатысқан майдангер және тыл ардагерлеріне жас буынның атынан өздерінің алғыстарын білдірді.