Депутат дәрмені – ‘Қазақ үні’ газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Депутат дәрмені - 'Қазақ үні' газеті

23.05.2014, 00:00

Казак yнi (Алматы), № 19 (628), 13.05.2014

Әр жерлерде депутаттарды сайлауын сайлап алып, халық қалаулысымен қайта жүздесу көптеген сайлаушылардың арманына айналатын жайттар аз емес. Сондықтан, сайлаушылар да үйіп-төккен уәдеден, мардымды іс шыға бермейтінін біліп алғандай. Бірақ, жақында ғана мәслихаттағы бос орынды иемденген «Ақ жол» КДП Ақтөбе филиалының жетекшісі Асқар Садықов жоғарыда айтылған күдіктерді сейілту үшін, оз сайлаушыларымен іс жүзінде жүздесуді жон деп тапты. Сайлау алды үгіт-насихат кезінде де үміткер Садықов халық алдында өз уәделерін орындауға бар күш-жігерін салатындығын айтқан еді. Ол депутат атанған күннен бастап, «Ақ жол» филиалына құлаш-құлаш арыздарын арқалап келушілердің қарасы көбейді. Облыстық мәслихат депутаты болған «Ақ жолдың» басшысынан үміт күтетіндер көп екен. Ал, «Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Асқар Садықов депутаттық міндетін сенбілік ұйымдастырудан бастады. Елмен бірге, ол қолына күрек алып, сенбілікке жұртты өзі бастап шықты. Сайлауалды үгіт-насихат шаралары кезіңде үміткердің сенімді өкілдері болған партия белсенділері бұрынғы сайлау учаскелеріне жауапты адам ретінде бекітілді. 10-ға тарта учаскеде бір уақытта сенбілік ұйымдастырылды. Қарғалы ауылындағы 53-ші орта мектепте болған сенбілікте мектеп мұғалімдері мәслихат депутатының бүл ісіне ризашылықтарын білдіріп жатты. Өйткені мектеп маңы күл-қоқыстан арылтылып, аулаға отыз түптей жас шыбық егілді. «Мен өз сайлаушыларымның үміттерін ақтағым келеді. Сондықтан, өзім сайланған округ тұрғындарының хал-ахуалын үнемі назарда ұстап отырамын. Осы өңірлерде жол салу, сапалы ауызсу тарту сияқты аса күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуге де депутат ретіңде өз үлесімді қосуға дайынмын» – деді Асқар Садықов. Сенбіліктің соңы қарттар арасында ұйымдастырылған спорттық жарысқа ұласты, үш күнге созылған шахматтан жарысқа 16 зейнеткер катысуда. Қарғалы ауылында қарттар арасында ұйымдастырылған спорттық шараны «Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалы өткізіп отыр. Бүл салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған шараның басы ғана. Дегенмен, спорттық шарадан оза шапқандарға қомақты жүлде тағайындалып отыр. Бұл бәсекеде қариялардың арасынан топ жарған шахматшы Астана қаласында «Ақ жол» партиясы жүлдесі үшін өткізілетін жарысқа жолдама алатын болады.