23
Мамыр

Батырлар есімі жазылған ленталар таратылды - 'Қазақ үні' газеті

Казак yнi (Алматы), № 19 (628), 13.05.2014

9-мамыр күні Ақтөбедегі мерекелік шерудің сәнін батырлар есімдері жазылған көгілдір ленталар аша түсті. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың есімдерін ұлықтау мақсатында таратылған ленталарды көпшілік жылы қабылдады. «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шеруде осылайша белсенділік танытты.
Батырлар есімі жазылған жүзден астам лентаны Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жастардың кеудесіне тағып берді. Ардагерлер елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған мұндай шараға ризашылықтарын білдірді. Тіпті олар: «Мұндай шара жастарды отансүйгіштікке баулиды. Жасыратыны жоқ, қазіргі күні жастар сұрапыл соғыс жылдары Отан үшін от кешкен ержүрек батырлардың есімдерін біле бермейді. Ал, «Жеңіс күні» мерекесін жастарға насихаттау құптарлық іс» деп жатты.
Негізгі шара Ақтөбе қаласынын іргесіндегі Қарғалы елді-мекенінде өтті, Бүл жерде 500-ге тарта ардагер тұрады. Ауыл көркем өнерпаздары ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама дайындаған екен. «Ақжол» ҚЦП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов осы Қарғалы елді-мекені аумағынан облыстық мәслихат депутаты болып сайланған еді. Сондықтан, халық қалаулысы еңбек ардагерлерін құттықтап, сөз сөйледі. Партия филиалы жетекшісінің ұсынысымен осы елді-мекенде ардагерлер арасында шахматтан турнир ұйымдастырылған болатын. Ұлы жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік шарада сол турнирде жеңімпаз атанған спортшыларға ақшалай сыйлықтар таратылды. Ал, «Ардагерлер кенесінің» торағасы Лескен Ізбановка турнирді ұйымдастырудағы белсенділікті үшін «Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалы атынан алғыс хат табыстады.