30
Сәуір

«Ақ жол» ҚДП фракциясы алкоголь айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды оның сыбайлас жемқорлықтық сипатына байланысты қолдамады

30 сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» ҚДП фракциясы алкоголь айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды оның сыбайлас жемқорлықтық сипатына байланысты қолдамады. Партияның жетекшісі Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында өзінің сөйлеген сөзінде, этил спиртін және алкоголдің күшті түрлерін өзінің қуатының  20 %-ы деңгейінде шығару бойынша кәсіпорындарға белгіленген ең төменгі жүктеу шегі – ақылға сыймайды, себебі ешбір бизнесмен өзіне шығынға жұмыс істемейді деп атап өтті.
Яғни, өндірістік  қуаттың қалған 80 %-ы алкогольдік көлеңкелі нарыққа  контрафактілік өнімдерді шығаруға жұмсалатын болады деп есептейді депутат. Біз бұл бизнесті көлеңкеден шығарудың орнына, тіпті оған керісінше қылмыстық желілермен жұмыс істеуге ресми рұқсат беріп отырмыз.
«Ақ жол» партиясының көшбасшысы, фракцияның жүктеудің – қуаттылығын 50  %-дан бастап саралауды белгілеуді ұсынғанын – бірақ оның қолдау таппағанын еске салды.
«Біз ымыралы нұсқаны да ұсындық – мейлі, 20 %-ға жұмыс істесін, бірақ қалған 80 % қуаттылықтарға – айталық, құю желілеріне демонтаж жасауды, олар спирт және арақ шығаруды белгіленген жүктеу шеңберлерінен асырмасын дедік. Алайда, бұл түзетуді де қабылдағылары келмеді. Сонда, 20 %-дан  бастап жариялап және салық төлеңдер, ал қалғанын қанша шығара алсаң, сонша шығарып қара базарда сата беріңдер болып тұр ғой. Оның үстіне, мені осындай бизнесті қорғамадың деп кінәладыңыз.
Бірақ, «Ақ жол» партиясы көлеңелі бизнесті емес, нақты адал бизнесті қолдайды. Жуық арада бізге Салық комитетінің төрағасынан хат келді, онда заңға қосымша актілерді әзірлеген кезде біздің осындай ұсыныстарымыз қаралатын болады делінген. Әрине бұл да шешім, бірақ оның қаншалықты жүзеге асырылатынын әлі көру керек», - деді депутат.
Азат Перуашев жуырда, өткен аптада, осы заң жобасы бойынша бірінші оқылымында сөйлеген сөзінде, егер тыйым салу шараларын енгізіп қана қойып, алкоголь айналымының көп бөлігін «көлеңкеде» қалдыратын болсақ, одан адамдар аз ішеді деуге болмайтындығына әріптестерінің назарын аударған. Сол контрафактілі өнімдерден жай уланып өлетін болады, онда өндіріс және қауіпсіздік ешкіммен де бақыланбайды. «Ең жағымсыз жағы – бұл айналым сыбайлас жемқорлық шеңберіне берілетін болады, ол олардың кірісінің маңызды бөлігін құрайды, ал мемлекет болса өзінің 20 %-талабымен шектеліп бұдан кірісін жоғалтады. Қалғанының барлығы қылмыстық құрылымдарға беріледі. Біз осыны қалаймыз ба?». 
            Сол жолы «Ақ жол» партиясының көшбасшысы тағы да бір маңызды сәтке тоқталған – ол біздің алкогольдік өнімдерге Ресейде қолданылатын тыйым салу шаралары: «Қазақстандық алкогольге қарсы шекаралас ресейдің қалаларында  ұйымдастырылған шерулер өткізілуде. Ал сіздер біздің кез-келген дүкенге кіріңіздер – бірыңғай ресейлік арақ, біз оларға ешқандай да шек қоймаймыз. Барлығы да бұған дұрыс қарайды.
            Алайда, достық біржақты болмайды. Бүгінгі таңда Үкіметпен осыған қатысты айна-қатесіз шаралар әзірленіп жатыр, бірақ заң жобасына да жазып қойған дұрыс болар еді, бұл саланың мақсаты оның өнімдерін экспортқа бағдарландыруды дамыту болып табылады. Мұндай нормалар ресей, беларусь заңнамаларында да бар. Мұның не жамандығы бар, бұл да экспортқа бағдарландырылған өнім емес пе? Осыған қатысты Үкімет осындай өнімдерді шетелге экспортқа шығаруды қолдау бойынша шаралар  әзірлеуі керек. Келіңіздер осында өндірейік, ал ішкенде басқа бір жерде ішілсін».
Азат Перуашев жұмыс тобының «Ақ жолдың» осы сияқты барлығы 29 түзетулерін кері қайтарғаны туралы дерек келтірді, - сондықтан біз бұл заң жобаны қолдай алмаймыз деді.
Сонымен бірге, заңда 100 метрлер туралы сәтсіз талапты жою сияқты оң шешімдер де бар. «Ақ жол» партиясы да, «Атамекен» палатасы да бірнеше жылдар бойы осы сыбайлас жемқорлықтық норманы жоюды талап еткен. Іс жүзінде, кез келген жоо-ның, мектептердің, спорт залдардың айналасында алкогольді жайбарақат сататын кафелер, дүкендер бар.  Есесіне шенеуніктер осыны сылтау қылып кәсіпкерлерге салымдар салды. Неге 100 метр, ал неге 30 немесе 150 метр емес, бұған нақты негіздер жоқ. Оқу мекемелері аумағында рұқсат етуге болмайды, мұнымен барлығы келіседі. Бірақ бұл аумақ үшін мұндай шара жасанды, пайдасыз болды және сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызды.  Мүдделі емес сайттар жүргізген интернет сауалнамалар көрсеткендей, азаматтардың 85 %-ға жуығы бұл тосқауылды тиімсіз деп есептеді.
Сондықтан, көптеген қатардағы кәсіпкерлердің атынан осы үндеулерді естігені үшін және ескергені үшін жобаны әзірлеген Қаржы министрлігінің   атына алғысымды білдіремін», - деп атап өтті фракция жетекшісі.