03
Наурыз

«Ақжолдықтардың» ұйымдастыруымен облыстық саяси партиялар жетекшілерінің басын қосқан арнайы дөңгелек үстел өтті

2018 жылғы 3 наурыз,«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Ағымдағы жылғы 2 наурыз күні Талдықорған қаласында «Рухани Жаңғыру» сарайында «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ХХІ ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі»атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға партия активі мен облыстық Кеңес мүшелері, облыстық саяси партия жетекшілері, атап айтқанда «Нұр Отан» партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы, «Ауыл» партиясы және ЖСДП партиялары, сонымен бірге Алматы облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, маслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар басшылары қатысты.

        

Отырысты ҚР Мәжіліс Парламентінің V-шақырылым депутаты Жазылбеков Нұрлан Әбдіжаппарұлы ашты. Сөз кезегі басты тақырыпқа баяндама жасауға облыстық филиал төрайымы Шынасилова Мейрашқа берілді. Баяндамашы өз кезегінде «Алаш» көсемдерінің көрегендік және сол заманда қалдырған өсиет – армандарына, сол идеялардың осы күнге дейінгі өзектілігіне жан-жақты тоқталып өтті.

Жарыс сөзге облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Алаш» партиясы туралы, олардың қазақ қоғамындағы, сол замандағы ұшқыр ойларына, қазақ жұртына тигізген ықпалын айтып өтті.   
         

Облыстық партия филиалдары басшыларының бәрі өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге жарыс сөзге Райынбеков Әлімғасы, Әлімбаев Қабылтай, Келемсейіт Ермек, Қаңтарбаев Құдайберген өз ойларын ортаға салды.

Сөз соңында филиал жетекшісі Шынасилова Мейраш осы тақырыптағы кездесулер жалғасын табатынын және ол әртүрлі форматта өткізілетінін айтты. Осы іс-шараға жастарды көбірек тартуға және басқа да партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуын өтінді.

        

Кездесу соңында «Ақ жол» партиясы және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тағайындаған «Алаш» ұлттық автономиясының 100 жылдығының құрметіне, естелік медалімен партия активін марапаттады.