27
Қантар

Азат Перуашев: Автокреслолар жайлы талаптарды кейінге қалдырған жағдайда жол көлік оқиғаларынан (ЖКО-нан) балалар өлімінің «өсуі» туралы жол полициясының мәлімдемелері - орынсыз және әдепсіз

 
2015 жылдың 26  қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Азат Перуашев журналист Михаил Козачковқа берген сұхбатында автокреслолар жайлы талаптарды кейінге қалдырған жағдайда жол көлік оқиғаларынан (ЖКО-нан) балалар өлімінің «өсуі» туралы жол полициясының  мәлімдемелері -  орынсыз және әдепсіз деп атады.
Балаларды ұстайтын құрылғылардың (БҰҚ-ның) техникалық талаптарына байланысты анық жауап берудің орнына, жол полициясы басшылығы ЖКО-да балалар өлімінің өсуі қауіп-қатері туралы айтуда және осындай бақытсыздықтардың алдын алғысы келмейді деп автоәуесқойларды айыптайды – деп еске түсірді депутат.
Дискуссияның ең басында «Ақ жол» депутаттары аталған норманы принципті түрде қолдау туралы мәлімдеді, мәселен, 6 жасқа дейінгі балалар үшін. Алайда, жүргізушілерге нақты қандай құрылғылар және оларды автокөлікке қалай орналастыру керек екенін нақты анықтау қажет.
Олай болмаған жағдайда, дүрлікпенің ушығып кетуі адамдармен күдікті құрылғыларды алуға әкеп соқтырады, олар керісінше – ЖКО кезінде балаларға  тәуекелділіктерді ұлғайтады – деп атап өтті Азат Перуашев, және баспасөзде шығып үлгерген сарапшылардың ескертулерін мысалға келтірді – «Автокөлікте автокресломен жүру кезінде, ... егер де ол мүлдем түймеленбеген  жағдайға қарағанда, бала одан да үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. ... Балаларыңызды қауіпке тікпеңіздер!». (http://www.kazpravda.kz/news/view/ob-opasnosti-detskih-avtokresel-predupredil-ekspert
Жалпы алғанда,  мұндай әдісті «Ақ жол» фракциясының жетекшісі ұғымды ауыстыру және мәселенің мәні бойынша әңгімеден ауытқу деп атады.
«ЖКО автокреслолар болмағандықтан емес,  жылдамдықты ұлғайтудан, көлікті мас күйінде жүргізуден және т.б. жағдайлардан болады. Бұл бағыттарда, мұндай статистиканың бар болуына қарағанда, жол полициясы жұмысын күшейткен. Бірақ ЖКО санының және ауыртпалығының төмендеуінен, балалар  жарақаттары да төмендейді, бұл анық жайт емес пе. Егерде, әрине, статистика адал болса.
Егер де шындығында ЖКО-нан балалардың өлімінің «өсуі»  болса, онда ең алдымен жол полициясының өзінің жеткілікті түрде қарамауынан, кейде Үсенов сияқты желікпелерді саусақ арасынан  бақылауынан болады – деп санайды Азат Перуашев.
Оның пікірінше, жаңа құрбандардың «күрт көбеюі» кейінге қалдырудан болу мүмкін емес, өйткені ешкім мынадай – міндетті қауіпсіздік белбеулерін қолдану, балаларды алдыңғы отырғыштарға отырғызуға тыйым салу, және т.б. жол жүрісі Ережелерінің  негізделген нормаларын елемеуді ұсынып отырған жоқ.
«Біз тек тыңғылықталмаған талаптар, олардың бұдан бұрын айтылғандай, өздері де балаларға қауіп төндіруі мүмкін екені туралы, сөз қозғап жатырмыз» - деп Азат Перуашев атап өтті, және жаңа мысал келтірді:
- Бір жыл бұрын, осы заңды талқылау кезінде, «Ақ жол» депутаттары жаңа автокөліктер үшін  міндетті техникалық бақылауды жоюды ұсынды. Сол кезде де жол полициясы дәл осындай «қайсарлықпен» бұл жедел апатқа және жаппай құрбандарға әкеледі деп,  жұрттың бәрін сендірмекші болған. Тура осылай, «тәуелсіз сарапшылар», колоритті Амантай-қажыға дейін, іске араластырған, олар байыпты әңгімелердің орнына, погондары бар  адамдармен дауласуға батылдары жеткен  депутаттарға «жуындылар» төгумен болды. Біз бұл картинаны бүгін автокреслолардың  айналасындағы таластардан бақылап тұрмыз.
Бірақ өткен жылдың жаз айында мемлекет Басшысы техникалық бақылау түріндегі жаңа автолардың иелерін тонауды доғаруды талап етті –  сонымен бүкіл таластар аяқталды, ешқандай коллапс болған жоқ. Есесіне бопсалаушылық және анықтамалардың өңін айналдыру тоқтатылды.
Сондықтан, біз, әрбір адам үшін ең қасиетті балаға деген сүйіспеншілік ізгі сезімдерді өз мақсатына пайдаланбауды, дұрысы  проблеманы оның мәніне үңіліп талқылауды ұсынамыз».
Ал, мәселе, балаларды ұстайтын құрылғыларға, оларды қолданудың конструкциясын, материалдарын және тәртібін айқын анықтайтын талаптары түріндегі, өздері бастамашылдық жасаған «Жол жүрісі туралы» заңының, заңға тәуелді актілерін (техникалық регламенттерін) әзірлеудегі сәтсіздігінен туындап отырғанына, - депутат сенімді.
Нәтижесінде,  өздерінің жауапсыздықтарынан жасалған былықтарды  полиция қатардағы азаматтардың мойнына іліп отыр, онымен тиісті сауалды үкіметке жіберген  «Ақ жол» партиясының депутаттары мүлдем келіспейді.
Азат Перуашевтің бұл тақырыпқа берген толық сұхбатын мына сайттан оқыңыз: