Депутат партияның облыстық филиалында болды

» Санат жоқ » Депутат партияның облыстық филиалында болды

29.03.2018, 00:00

2018 жылғы 29 наурыз, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Ақмола облысындағы көшпелі сессия жұмысы барысында партияның облыстық филиалында болып, облыстық кеңес мүшелерімен кездесті.

           

Облыстық филиал жақында жаңа кеңсеге көшкен еді. Алдымен кеңсені аралап көріп, мұнда облыстық филиал қызметкерлеріне жұмыс істеуге барлық жағдай жасалғанын көрді.

            

Облыстық кеңес мүшелерімен кездесу барысында өзінің сапары жайлы айтып берді. Ең бастысы, жақындағы Елбасының бес әлеуметтік бастамасын халық арасында түсіндіру екендігін атап көрсетті. Осыған орай облыстық филиал дайындаған жұмыс жоспарымен жан-жақты танысты. Онда облыс орталығымен  бірге, бірқатар  аудандарды да аралау күтіліп отыр.