2014 жылдың 27-28 қарашасында депутат Талғат Ерғалиев Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарына барды

» Баспасөз релиздері » 2014 жылдың 27-28 қарашасында депутат Талғат Ерғалиев Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарына барды

02.12.2014, 00:00

2014 жылдың 2 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
2014 жылдың 27-28 қарашасында депутат Талғат Ерғалиев Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарына барды.

Сапардың мақсаты Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу.
 Талғат Ерғалиев Алакөл ауылдық округінің, Спиридоновка ауылының, Бауманское, Егіндікөл ауылдарының тұрғындарымен, сондай-ақ Қорғалжын ауданында Сабынды, Қараегін, Жантеке поселоктарында болды.

 
Депутат шаруа қожалықтарының басшыларымен, ауылшаруышылық жұмыскерлерімен, жастармен кездесті. Кездесулер диалог түрінде өтті, онда Талғат Ерғалиев сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар тұрғындарды жақында болып өткен – Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады. Егіндікөл ауданы әкімімен бірге ол фермерлерге астық өнімін жинаудағы үздік көрсеткіштері үшін алғыс хаттарын және ескерткіш сувенирлерін табыс етті.