«Ақ жол» адал емес импорттан отандық өндірушілерді қорғауға шықты

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» адал емес импорттан отандық өндірушілерді қорғауға шықты

26.11.2014, 00:00

2014 жылдың 26 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
        «Ақ жол» адал емес импорттан отандық өндірушілерді қорғауға шықты.Премьер-министр К.Мәсімовтың атына тиісті депутаттық сауал Нұрлан Жазылбековпен жарияланды.
        Сөз импорттық өнімді техникалық реттеу саласы туралы болып отыр.
        «Экономикалық реформа және өңірлік даму бойынша комитеттің жуырдағы отырысында     қорқынышты сандар айтылған болатын – (КО-тың техникалық регламенттерінің өз күшіне енгенінен соң 2013 жылғы 1 шілде – 2014 жылғы 1 наурыз аралығында), – тауарлардың 46 %-ы Қазақстанға қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарсыз кіргізілді, – делінген сауалда. – Мұндай тауарлар не бүлінген, не технологиялық талаптардың бұзылуымен өндірілген деп айтуға болады. Бұл өнім Қазақстанда тиым салынған дәрмектерді қамтуы, зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейінен көп болуы, азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де кемшіліктер мен ақауларға ие болуы әбден  мүмкін».
        Мұндай тауарлардың қалыпты, техникалық регламенттерге сәйкес тауарлардан арзан екендігі анық – олардың коммерциялық тартымдылығы осында жатыр. Олар төмендетілген бағалармен кіргізіледі және осы арқылы отандық өндіріс тауарларын ығыстырады, ал отандық тауарлар болса қауіпсіздік нормаларына сәйкестігіне бақылаудан өтуге міндетті.
        «Бұл отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығармау былай тұрсын, керісінше – өз нарығымызды жоғалтатынымызды білдіреді. Бұдан шығатыны импорттық тауарлардың 46%-ы заңсыз түрде нарықта қазақстандық өнімнің орнын алып отыр, және бұл отандық өндірушілер үшін үлкен шығын, – деп атап өтті Н.Жазылбеков. – Себебі, мұндай көлемдегі өндіріс өнімнің өзіндік құнын әжәптәуір төмендеуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, жергілікті кәсіпорындардың табыстылығын қамтамасыз етуге және олардың салық салынатын базасын кеңейтуге мүмкіндік бере алатын еді».
        Мұндай жағдай, ҚДП депутаттарының пікірінше, сәйкес келуді растау бойынша құжаттарсыз импорттық өнімді енгізуге мүмкіндік берген «ҚР кеден ісі туралы» Кодексінің нормаларын (301 б.) іске асыруына орындалуын мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан туындады. Көрсетілген жағдайда өнімнің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуін растау бойынша құжаттарды кеден органдарына уақытылы көрсетуді қамтитын «шартты шығару» рәсімі бойынша міндеттемелерді импорттаушылардың орындауына бақылау жоқ.
       «Адал емес импорттаушылар Қазақстан аумағына күмәнді тауарларды сата отырып және азаматтарымыздың денсаулығына қатермен және ұлттық экономиканың шығындарымен санаспай, осыны шебер пайдаланып отыр», – деп атап өтті депутат.
        Сонымен қатар ол жоғарыда көрсетілген отырыстың барысында уәкілетті органда қауіпті өнімді сатуды, ондай жағдайлар анықталған кезде де, жедел түрде болдырмау үшін тетіктердің іс жүзінде жоқтығы анықталғандығы туралы да хабарлады. Уәкілетті орган тек жергілікті билік органдарына ғана жүгінуі мүмкін, бірақ ол тікелей сатуды тоқтата да алмайды, сапасыз тауарлар қоймаларына сүргі соға да алмайды, тауарларды айналымнан алып тастай да алмайды. Тіпті, ол іс-шаралар үшін қаржылық жауапкершілік мәселесінде де нақты түсінік жоқ.
        «Қазақстандық өндірістің сапалы тауарлары көбіне сауда текшелеріне жол таба алмайды, себебі, сапалы және қауіпсіз тауар арзан болмайды және бүлінген шетелдік өнімді импорттау сияқты коммерциялық табыс бере алмайды», – дейді «Ақ жолда».
        Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ішкі нарық пен отандық өндірушілерді адал емес импорттан қорғауға бағытталған шаралар кешенін дайындауды ұсынады, соның ішінде:
        1. «Шартты шығару» рәсімі бойынша міндеттемелерді импорттаушылардың орындауын бақылауды қатайту. Егер адал емес импорттаушымен тарапынан бекітілген мерзімде әкелінген тауардың қауіпсіздігін растайтын құжат ұсынылмаса, онда осы тауарды айналымнан тікелей алып тастау бойынша шара қолдану қажет;
     2. Бұрын кіргізілген тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін растаудан жалтарған тұлғалармен импорттауды әрі қарай жүргізуде  тыйым салу бойынша шараларды қарастыру;
         3. ҚР Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығының 1.3 тармағына сәйкес, бірыңғай орган болып табылатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитетіне   «тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру» функцияларын беруді аяқтау.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғасытырады.