18
Қараша

«Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржыны пайдалануды бақылау бойынша комиссияға барлық парламент фракцияларының өкілдері енгізілуі керек – Азат Перуашев

2014 жылдың 18 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржыны пайдалануды бақылау бойынша комиссияға барлық парламент фракцияларының өкілдері енгізілуі керек – бұл туралы Азат Перуашев өткен бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметі брифингі барысында мәлімдеді.

Ұлттық қордан Президенттің тапсырмасы бойынша бұдан бұрын қарастырылған мақсаттық трансферттерде және халықаралық қаржы институттарының қарыздарынан тыс «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін 2015-2017 ж.ж. жыл сайын 3 млрд. доллар қосымша қаражат бөлетін болады.

Сонымен қатар, мұндай тапсырманы бере отырып, Президент «Үкіметке қажетті  шаралар қабылдауы және бұл қаржыларды тиімділікпен және нақты пайдалануды қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті. Менімен құрылған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң түрде қадағалайды және менің өзіме тікелей баяндайтын болады. Әр теңгеге сұраныс қатаң болады».

Осыған байланысты «Ақ жол» көшбасшысы комиссия құрамына барлық партиялардың өкілдерін енгізуді ұсынды.

«Ірі мемлекеттік қаржыны пайдаланудың орындаушылары да, бақылаушылары да бір партиядан ғана болса – ендеше көппартиялық Парламент кезінде бұл қаншалықты өзін ақтайды?», - деп сұрақ қойды А.Перуашев.

Ол ағымдағы жылдың ақпанында бизнесті қолдаудағы  бірқатар өзекті шаралардың тізімімен қатар Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қаржыландыруға аса ірі сомада  – 1 трлн. теңге бөлуді және жіберуді тапсырды, бұл 5 миллиардтан астам АҚШ долларымен баламды екенін еске салды. Сонымен бірге, Президент бөлінген қаржының нақты өндіріс секторына жіберілуіне айрықша назар аударды.

Сол кезде «Ақ жол» ҚДП «осы шаралардың іске асырылуын парламенттік бақылауға алуды енгізу қажет деп санайтындығын, және оған қатысу үшін өз өкілдерін жіберуге дайын екендігін» мәлімдеген.

«Бұл ақшалар аспаннан түспегендігін, қазақстандықтардың еңбегі мен маңдайтерімен табылғандығын және олардың Қазақстан халқына тиесілі екендігін еске ұстау керек. Сол үшін бұл триллионда бір де бір «арамтамақ» теңге жоқ, олардың әрқайсысын барынша пайда әкелетіндей пайдалану керек» - деп көрсетілген еді «Ақ жол» сауалында.              

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі төрағасының жетекшілігімен осындай комиссия құрылған болатын, алайда «Ақ жол» партиясының өкілдерін ойдан шығарылған сылтаумен, комиссия құрамына жіберген жоқ. Оған тек «Нұр Отан» партиясының депутаттары ғана енген болатын.

«Қазіргі уақытта «Ақ жол» депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін бөлінген қаражаттарды пайдалануды бақылау жөніндегі комиссияға барлық парламенттік партиялардың өкілдерін кіргізу туралы үндеухат дайындап жатыр – деп мәлімдеді брифингте партия төрағасы. - Қаражаттарды жұмсауды бақылаудың бұдан да маңызы арта түседі, өйткені Мемлекет басшысы инвестицияларға салынған кәсіпорындар нақты жұмыс істеп, өнім шығаруы керектігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясында «салтанатты түрде ашылып, кейіннен абыройсыздықпен тасталып кеткен жобалардың - «шаруашылыққа қырсыздық ескерткіштерінің» уақыты біту керек» деп санайды.