Азат Перуашев мемлекеттік органдарды Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауының орындалуы аясында орта бизнеске ерекше көңіл бөлуге шақырады

» Баспасөз релиздері » Азат Перуашев мемлекеттік органдарды Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауының орындалуы аясында орта бизнеске ерекше көңіл бөлуге шақырады

18.11.2014, 00:00

2014 жылдың 18 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауының орындалуы аясында мемлекеттік органдар орта бизнеске ерекше көңіл бөлуі тиіс – бұл туралы өткен бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Азат Перуашев мәлімдеді.
«Парламентте бизнестің дауысы болып табылатын «Ақ жол» партиясы Жолдаудағы қарастырылған шараларды қолдайды: экономиканың шынайы секторына – тағам, химия өнеркәсібі, машина жасау, қызметтер саласындағы шағын, орта ірі бизнесті несиелеу үшін   100 млрд. бөлінуі; ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 2050 жылға дейін 50 %-ға дейін ұлғайту, АБР, ЕДҚБ, Бүкіләлемдік банктің 155 млрд. теңге сомасындағы несиені пайдалану», – деп атап өтті ол және Президенттің шағын және орта бизнесті қолдаған тұрақты бастамаларын қолдай отырып, «Ақ жол» партиясы «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын дербес дайындап,      а.ж. 31 қаңтарында Үкіметке енгізгенін еске салды, онда ШОБ-ті іс жүзінде қолдаудағы үйлеспеушіліктерді алып тастауды ұсынған едік.
«Егер Президент шағын және – атап көрсетемін – орта бизнесті  қолдау үшін нақты шаралардың қабылдануын үнемі талап етеді, ал іс жүзінде қолдау тек шағын кәсіпорындармен шектелетіндігі туралы сөз болып тұр. Заңнамаға тек шағын бизнес үшін ғана артықшылықтар енгізіліп жатыр: бұл салық кодексіне де, мемлекеттік сатып алулар туралы заңға да,   қандай да бір қолдау шараларын көздейтін кез-келген басқа да актілерге қатысты. «Ақ жол» фракциясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы депутаттық сауалынан мысал келтірейін, онда біз ШОБ-ті қызметінің бірінші жылдарында тексерулерден босату туралы мәселе қозғаған болатынбыз. Оған бұрынғы Үкімет «тек шағын кәсіпкерлік субъектілерін ғана тексеруден босату туралы позицияны ұстану орынды», – деп айтты Азат Перуашев.
Мұның шағын бизнестің әрі қарай өсуге, орта және ірі бизнеске көшуге деген ынтасын төмендететініне көзі жетіп отыр, кәсіпкерге аз салық төлеу үшін бір қызметті бірнеше шағын кәсіпорындарға бөліп тастаған әлдеқайда тиімдірек.
«Бұл бизнесті ұлғайтудан бас тарту, инвестициядан бас тарту, ал оларды Президент осы Жолдауда аса маңызды міндеттердің бірі ретінде айқындады.  Себебі шағын бизнес – бұл көбіне сауда, қызметтер саласы және шаруа қожалықтары. Жүздеген мың адамдарды жұмыспен қамтып отырғандығы үшін оларға да мемлекеттік қолдау қажет, – деп қосты партия көшбасшысы. – Бірақ экономиканы индустриаландыру және технологиялық  даму, импортқа тәуелділікті жою өңдеуші кәсіпорындар мен орта бизнессіз мүмкін емес, ендеше бұларды қолдаудың маңызы арта түседі.   Ал дайын өнім өндіретін өңдеуші өнеркәсіптің кез-келген кәсіпорыны, шағын кәсіпорындардың аясына сыймайды және орта компания деңгейінен басталады. Еуроодақта да, БСҰ көптеген елдерінде де және біздің Кедендік Одақ бойынша әріптестерімізде де тек қана шағын емес, сонымен бірге орта кәсіпкерлікті қолдау  заң деңгейінде іске асырылады».
«Ақ жол» көшбасшысы, еске сала кетті, 12 маусымда Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы Заңға қол қойылды, онда капитал салымдарының 30% -ын қайтару, КТС-нан босатуды және т.б. қоса алғанда өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестицияларды қолдаудың теңдессіз шаралары қарастырылады. Алайда, аталған пұрсаттарды (преференцияларды) пайдалану 2 млн. АЕК-тен (яғни 20 млн. АҚШ доллары) кем емес мөлшердегі инвестиция өлшемдерімен шектелген, яғни тек ірі компаниялар үшін. 
Аталған тәсілдеме біздің экономикамыздың ерекшеліктерін және ірі жобалар көбіне экономиканың өңдеуші секторында шоғырландырылғандығын есепке алмайды, – деп түсіндірді Азат Перуашев. Өңдеуші сектор кәсіпорындары, кейбіреулерін қоспағанда, орта бизнеске жатады. Наубайхана, кондитерлік, тігін цехтары, құрылыс материалдарын өндіру және т.б. сияқты осындай объектілердің көпшілігінің құны әдетте 3-7 млн. АҚШ долларынан көп емес (бұл кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және қиындықтарға икемді жауап беруге мүмкіндік бере отырып, олардың артықшылығы болып табылады). Қабылданған Заңның талаптарына сәйкес, олардың барлығы қарастырылған пұрсаттардың шеңберінен тыс қалады. Бұдан шығатыны, жаңа пұрсаттармен тек жекелеген кәсіпорындар, көбіне өндірістік қолданыстағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындар пайдалана алады, ал дайын тұтыну тауарларын шығару ондай қолдауға сүйене алмайды».
«Бірақ жекелеген кәсіпорындардың отандық экономика құрылымын өзгерте алмайды – шикізаттық бағдардан кету және табысты даму үшін ірі бизнесте ғана емес, орта бизнес арасында да көптеген заманауи өңдеуші компаниялар керек – дегенге «Ақ жолда»  сенімді.  Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл  пұрсаттарды алу үшін ең төменгі шекті 20 млн. доллардан 5 млн. долларға дейін түсіру жолымен орта бизнеске инвестициялық  пұрсаттарды таратуды ұсынды. 
Жолдауды орындау барысында бұл мәселе назарға алынады деген үміттенеміз. Тіпті Елбасы берген тапсырмалардың бірінде, былай делінеді, дәйексөздер келтіремін: «ШОБ-тің өндірісін дамыту мен қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды өңірлерде салу мәселесін тыңғылықтау керек», -деді А.Перуашев.
«Одан басқа, орта бизнес жетекші рөл атқаратын тұтыну тауарларын өндіру едәуір деңгейде ұлттық экономикалық қауіпсіздік деңгейін анықтайтынын және елдегі тұтыну бағаларының деңгейімен байланысты инфляциялық үдерістерге тікелей әсер ететінін есте сақтау керек», – деп қорытындылады ол.
Бұдан басқа демократиялық фракцияның жетекшісі жинақталған тәжірибені есепке ала отырып, ол орта бизнесті қолдау бойынша нормаларды Мәжілісте жақын арада күтіп отырған Кәсіпкерлік кодексінің жобасына арнайы бөлім ретінде қосу керек деген пікірін білдірді.