Кәсіпкер Дмитрий Васильев «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

» Баспасөз релиздері » Кәсіпкер Дмитрий Васильев «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

17.11.2014, 00:00

2014 жылдың 17 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Өткен аптаның сенбісіндегі «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық конференциясында партия филиалының жаңа төрағасы сайланды. Оған 44 жастағы «ҚазАвтобусПром БК» ЖШС-нің бас директоры, «СемАз» ірі авто құрастырушы кәсіпорынның акционері Дмитрий Васильев болды.
Филиалдың бұрынғы төрағасы – Андрей Линник – жақында ғана халықаралық компанияның орта-азиялық дивизионының жетекшісі болып тағайындалған, соған байланысты ол Астанаға көшіп алған еді. Осыған байланысты, филиал жұмысын басқару үшін, жыл басынан  бастап, ол өзі делегаттарға хабарлағандай, А.Линник апта сайын Астанадан Алматыға және керісінше ұшуына мәжбүр болды, жыл басынан бастап 100-ден артық ұшқан.
Конференцияға қатысушылармен Алматылық филиал жұмысының оң динамикасы атап өтілді. Конференция А. Линниктің төрағалық қызметінен өз еркімен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Партия төрағасы А.Перуашев А.Линникке Алматы партия ұйымын сайлаудан кейінгі алғашқы кезеңде басшылық жасағаны үшін ризашылығын білдірді. ҚДП-ның Алматы қалалық филиалының жаңа төрағасы болып бірауыздан Б.Васильев сайланды.
Б.Васильев конференция қатысушыларын филиалдың одан арғы  жұмысының бағдарламасымен таныстырды, онда ол он басым бағыттарды белгіледі.
Конференция жұмысында 103 делегат, сондай-ақ «Ақ жол» басшылығы атынан партия төрағасы А.Перуашев, төрағаның орынбасарлары Е.Барлыбаев және Қ.Иса, ОК хатшылары Ә.Сұлтанов, С.Байдалы, мәжіліс депутаты Н.Жазылбеков және т.б. қатысты.
Сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП-ның партиялық комиссияның төрағасы болып табылатын А.Линник енді партияның осы орталық органындағы өзінің міндеттеріне күш-жігерін жұмылдыра алады.
 
 
Васильев Дмитрий Владимирович, 1970 жылы туған, ұшқыштардың Качинск Жоғарғы Әскери  Авиациялық Училищесін бітірген, КСРО-ның истребительдік авиациясында ұшатын қызметтерде де жұмыс істеген, 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуда.