«Ақ жол»: Шикізаттық бадарланудан кету және сәтті даму үшін тек ірі бизнес емес, сонымен қатар ШОБ-тің көптеген заманауи өңдеуші компаниялары керек

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Шикізаттық бадарланудан кету және сәтті даму үшін тек ірі бизнес емес, сонымен қатар ШОБ-тің көптеген заманауи өңдеуші компаниялары керек

05.11.2014, 00:00

2014 жылғы 5 қараша, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Шикізаттық бағдаркету және сәтті даму үшін текі ірі емес, сонымен қатар ШОБ-тың көптеген заманауи өңдеуші компаниялары керек – бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Азат Перуашев хабарлады.            
      Премьер министр К.Мәсімовтің атына ДПК фракциясының депутаттық сұранысының толық мәтіні төменде келтіріледі.
 
 
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
 
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
Президент Н.Ә.Назарбаев шағын және орта бизнеске инвестицияларды тарту мен қолдау үшін ең жақсы жағдайларды қалыптастыруды үнемі талап етеді. Бұл бағытта Үкімет тарапынан едәуір және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын мойындау керек.  
Мысалы, 12 маусымда Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы Заңға қол қойылды, онда капитал салымдарының 30% -ын қайтару, КТС-нан босатуды және т.б. қоса алғанда өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестицияларды тартудың теңдессіз шаралары қарастырылды.
Алайда, аталған пұрсаттарды (преференцияларды) пайдалану 2 млн. АЕК-тен (яғни 20 млн. АҚШ доллары) кем емес мөлшердегі инвестиция өлшемдерімен шектелген, яғни тек ірі компаниялар үшін. 
Аталған тәсілдеме біздің экономикамыздың ерекшеліктерін және ірі жобалардың көбіне экономиканың өндіруші секторында шоғырландырылған дерегін есепке алмайды деп есептейміз.
Өңдеуші сектор кәсіпорындары, сирек кездесетін ерекшелік түрінде болмаса, негізінен орта бизнеске жатады. Наубайхана, кондитерлік, тігін цехтары, құрылыс материалдарын өндіру және т.б. сияқты осындай объектілердің көпшілігінің құны әдетте 3-7 млн. АҚШ долларынан артық емес (бұл кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және қауіп-қатерлерге икемді жауап беруге мүмкіндік беретін, олардың артықшылығы болып табылады). 
Алайда, қабылданған Заңның талаптарына сәйкес, олардың барлығы қарастырылған пұрсаттардың шеңберінен тыс қалады. Бұдан шығатыны, жаңа пұрсаттармен тек жекелеген, көбіне өндірістік мақсаттағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындай пайдалана алады, ал дайын тұтыну тауарларын шығару ондай қолдауға сүйене алмайды.       
Бұл ретте, біз жекелеген кәсіпорындардың отандық экономика құрылымын өзгерте алмайтына нық сенімдіміз. Шикізаттық бағдарланудан кету және табысты даму үшін ірі де, орта бизнес арасында да көптеген заманауи өңдеуші компаниялар керек.          
Ондай болмаған жағдайда ШОБ-ті басым қолдау туралы көптеген растаулар  күмән тудырады.                    Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкімет анықталған ауытқуға назар аударуы қажет деп санайды.           
Осыған ұқсас жағдай ШОБ секторында әлеуетті инвесторлар бірқатар кедергілерге тап болатын рұқсат беру жүйесінде де байқалады.  
Мысалы, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңымен Қазақстан аумағында бизнеспен айналысу үшін виза беру қарастырылған.  
Алайда, біздің мәліметтеріміз бойынша, аталған визалардың барлық болу уақытында, ондай визаларды шетелдіктердің тек кейбіреулері ғана ала алды.
Сондай-ақ, ірі қалалардың базарлары Қырғызстанның, Өзбекстанның, Қытайдың, Түркияның және басқа елдердің коммерсанттары толып кеткендігі барлығына белгілі. Мәселен, ҚХР-нан және Қырғызстаннан бәсекелестердің басымдылығын Алматыдағы өртеніп кеткен базарлардың саудагерлері айтып өткен болатын.           
Бұл ретте, біз қатынасқан Еуропаның, Үндістанның, Араб Әмірліктерінің бірқатар кәсіпкерлері бизнес үшін виза алудың күрделі және ұзақ тәртібінтілге тиек етіп, соның салдарынан олар қысқа мерзімді туристік визаларды рәсімдеуге мәжбүр екендігін айтты.                        
Одан басқа, заңнама мен шетелдіктерге жеке кәсіпкерлік сияқты қызметті рәсімдеуге де тиым салынған. Осылайша мұндай кәсіпкерлерді дұрыс рәсімдемей, салықтарды жоғалта отырып және өзіміздің адал кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін  төмендете отырып, біз оларды өзіміз көлеңкелі нарыққа итереміз.           
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсететіндей ШОБ-ке инвестициялар   экономикалық дамуда маңызды роль атқара алады. Мысалы, АҚШ-та шағын және орта кәсіпорындардың 18 пайызы тікелей сыртқы капиталдың қатысуымен құрылған,    сондай-ақ IT-технологиялар саласында жұмыс істейтін барлық америкалық фирмалардың 20 пайызынан астамы құрылған.          
Араб Әмірліктері мен Дубай қаласының және т.б. экономикасының едәуір бөлігі  орта және шағын бизнестің сыртқы инвестицияларына құрылған. Бұл ретте бірқатар елдерде инвесторларға қойылатын міндетті талап жергілікті азаматтардың ішінен әріптестің болуы болып табылады, мұны біз ұлттық мүдделерге қатысты алғанда да, және  жұмысқа қамтуды қамтамасыз етуге қатысты да болашағы бар деп санаймыз.                       
Қазақстан қазіргі таңда инвестициялар үшін тартымды ел болып табылады, және бізде тек қана ірі емес, сонымен қатар орта және шағын инвестицияларды қолдау жолымен олардың түсімін әжептәуір ұлғайтуға барлық мүмкіндіктеріміз бар.     
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы ұсынады:  
1. Жаңа пұрсаттар таралатын инвестициялық жобаларды жатқызу шегін 2 млн. АЕК-тен 500 мың АЕК-ге (яғни 20 млн. АҚШ долларынан 5 млн. АҚШ долларына дейін) дейін төмендетілсін.     
2. ШОБ субъектілеріне де мемлекеттік қолдау шаралары таратылсын, бизнеспен айналысу үшін виза беру шарттары жеңілдетілсін және   Қазақстанда жұмыс істеуші шетелдік коммерсанттарды өз қызметін ЖК түрінде тіркеу міндеттелсін.  
Мұндай ЖК-ден салық алудың қиындығы туралы меморгандардың сілтемесін сенімсіз деп санаймыз, себебі, қазіргі таңда олар тіркеусіз жұмыс істеп, мүлдем ешқандай салықтарды төлемейді.
Шынайы жұмыс істейтін бизнес-иммигранттарды тіркеуден бас тарта отырып, меморгандар экономикадағы нақты мәселелерді шешуден гөрі өздерінің есептері туралы көбірек мазасызданады.
Аталған тақырыптың өзектілігін есепке ала отырып, «Ақ жол» партиясы жақында тиісті заң жобасын дайындап, Үкіметке жіберді, өкінішке орай, өткен аптадағы ВАК отырысында заң жобасы Ұлттық экономика министрлігінен қолдау таппады. Министрліктің ұстанымын таласты мәселе деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, құрметті Кәрім Мәсімұлы, депутаттық фракция Үкіметтен жоғарыда көрсетілген дәлелдерді есепке ала отырып, аталған мәселеге қайта оралуды сұрайды.  
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП  депутаттары