02
Маусым

Санат жоқ 02.06.2014

«Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай» «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы еске алу шарасына қатысты

2 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
31 мамырда Ақтау қаласында «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай» жыл сайын дәстүрге айналған өңірдің төл перзенттері мемлекет қайраткері Жалау Мыңбаев пен қоғам қайраткері, Адай  уездік ревкомының төрағасы Әлнияз Тобаниязұлының ескерткіштері жанында еске алу шарасы өткізілді. Осы шараға Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық ішкі саясат, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау филиалы өкілдері және «Ақ жол»  ҚДП МОФ төрағасының бірінші орынбасары Ж.Есқалиев, баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова және  партияның белсенді мүшесі Г.Жолболды қатысты. Алдымен теңіз жағалауында орналасқан мемлекет қайраткері, халқымыздың қайсар ұлдарының бірі, репрессия жылдарында жазықсыз құрбан болған Ж.Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Ж.Мыңбаевтың ұрпақтары рухына бағыштап дұға оқыды. Одан әрі 12 шағын ауданда орналасқан  қоғам қайраткері, Адай  уездік ревкомының төрағасы Әлнияз Тобаниязұлының ескерткішіне де тағзым етілді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н. Аққұлов сөз алып, зұлмат жылдардағы ел басына төнген  зауал туралы айта кетіп, тарихымыздағы  ұмытылмас кезең  екенін айтып өтті. Содан соң  Т.Әлниязұлының үлкен немересі А.Зәкіржан сөз алып, атасы туралы мағұлматтармен жиналған жұртшылықты таныстырды. Бір минут үнсіздіктен соң, гүл шоқтары қойылып, Тобанияздың рухына ұрпақтары дұға бағыштады.



Мемлекет қайраткері, халқымыздың қайсар ұлдарының бірі, репрессия жылдарында жазықсыз құрбан болған Ж.Мыңбаетың ескерткіші