11
Қыркүйек

Алғашқы 28 нысанды жекешелендірудің төңірегіндегі даулы жағдайға байланысты, «Ақ жол» жекешелендірудің екінші толқынының мониторингі жөнінде Қоғамдық кеңес не Парламенттік топ құруды ұсынады

2014 жылдың 11 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Алғашқы 28 нысанды жекешелендірудің төңірегіндегі даулы жағдайға байланысты «Ақ жол» жекешелендірудің екінші толқынының мониторингі жөнінде Қоғамдық кеңес не Парламенттік топ құруды ұсынады – Премьер-министр Қ.Мәсімовтің атына депутаттық сауал Мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Жазылбековпен кеше жарияланды.
Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын орындауда 2014-2016 жылдарға Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы сөз болып отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазына» қорымен 2014-2020 жылдары «Самұрық-Қазына» тобының 106 еншілес ұйымдарындағы әртүрлі акциялардың пакеттері мен иелік үлестерін іске асыруды, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, автомобиль жолдарын жөндеу, автобус және тролейбус парктерімен, әлеуметтік нысандармен айналысатын ұйымдарды ұсыну жоспарлануда. Бағдарлама мемлекеттің ел экономикасына қатысуын қысқартуы және оның негіздерін жеке сектордың үлесін көбейту есебінен нығайтуы тиіс.   
Алдағы жекешелендіру тақырыбы қоғамның жіті назар аударуына лайық.  Жекешелендірудің екінші толқынын өткізудің ашықтығы мазасыздық тудырады. Бізге 90- жылдардағы жекешелендірудің алғашқы тәжірибесіндегі қателіктерді ескеру қажет, оның нәтижесінде күлкілі ақшаларға сатылған кейбір нысандарды, мысалы, балалар бақшаларын, кейін мемлекетке қайтадан бюджеттік қаражаттарға сатып алуға тура келді,- деп аталып өтті сауалда. – Жекешелендіру үдерісіне инсайдерлік ақпаратты иеленген тұлғалардың шектеулі тобын емес, ең алдымен - отандық бизнестің кеңінен қоғамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету өте маңызды.   
Жекешелендірудің ашықтығы үшін мемлекеттік мүлік Тізілімінің - gosreestr.kz. порталында бірыңғай электрондық сауда алаңы іске қосылды. Алайда, депутаттардың пікірі бойынша, оның техникалық кемшіліктері бар, жекешелендіру нысандары туралы ақпарат толық емес,  өткен сауда-саттық туралы есептік мәліметтер нақтыланбаған,  өңірлердегі комиссиялар жұмысында біртұтас әдістемелік тәсілдемелер жоқ. Ең өзекті мәселелер қатарына сондай-ақ: жергілікті деңгейдегі жекешелендірудің екінші толқыны барысының әлсіз жариялануы, нысандарды сату уақыты, орыны, сауда-саттыққа қатысушылардың саны, сауда нәтижелері, ұсынылған бағалар, сату бағасы және соңғы сатып алушылар туралы ақпараттардың болмауы жатады.
Қазіргі сәтте 2014 жылға сатуға қойылған 300 нысанның 28-і көпшілікті кеңінен, сауда-саттықтың кәсіпкерлерді құрайтын ықтимал қатысушыларын қоса алғанда, хабарландырмай сатылды. Қаржы министрлігі коммерсиялық құпияға сілтеме жасап, өткізілген сауда-саттық және оның жеңімпаздары туралы ақпаратты орналастырудан бас тартты.
Бірақ қолданыстағы заңнамамен коммерциялық құпия деп коммерциялық қызмет туралы ақпарат белгіленген. Мемлекет коммерциялық қызметпен айналысатын субъектілерге жатпайды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру қорытындыларын коммерциялық құпияға жатқызуға болмайды, өйткені олар Қазақстанның барлық азаматтарының мүдделерін қозғайды.
Оның үстіне, а.ж. 6 тамызында Үкіметтің кеңейтілген отырысының барысында Президент Н.Назарбаев жекешелендіруді ашық және айқын, жекешелендіру процесін «ағайын-туыс, құда-жекжат, немере жиендердің» қатысуынсыз өткізуге қатаң тапсырма берді.
Бұған байланысты, «Ақ жол» фракциясының депутаттары жекешелендірудің екінші толқынының іс-шараларының айқындығын, әр нысанды жекешелендірудің қорытындыларын ашық қолжетімділікпен жариялауды қоса алғанда, күшейтуді, сондай-ақ аталған үдерістің мониторингі бойынша Қоғамдық кеңес не Парламенттік топ құруды қажет деп есептейді, оған экономистер,  бизнес-қауымдастықтың, барлық парламенттік партиялардың  өкілдері және қоғам қайраткерлері кіруі тиіс.
 «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.