11
Маусым

Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне қауіп-қатер келтіретін саяси міндеттер болмауы тиіс - Азат Перуашев

11 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне қауіп-қатер келтіретін саяси міндеттері бар ұлттықтан жоғары тұрған саяси органдары болмауы тиіс - бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, мәлімдеді.
«Мемлекеттік тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз болып табылады, сондықтан біз Еуразиялық одаққа экономикалық бірлестік ретінде ғана барамыз. Біздің тәуелсіздігімізді және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін біздің мемлекеттік органдарға кедергі болмауы тиіс» - деп атап өтті қазақстандық демократтардың көшбасшысы, және бұл оның жеке пікірі ғана емес, жалпы тұтастай алғанда «Ақ жол» партиясының ұстанымы деп толықтырды.
       Сонымен қатар тек дамыған экономикасы және ырысты-берекелі халқы бар мықты мемлекет қана шынайы тәуелсіз бола алады. Интеграция – экономикалық өсудің маңызды факторы, сонысымен, ол Қазақстанның саяси тәуелсіздігін және мемлекеттілігін   нығайтуға қызмет етеді. Сол себепті, «Ақ жол» партиясы осындай форматтағы интеграцияны қолдайды, бірақ, бұл туралы мен бұрында бірнеше мәрте мәлімдегендей, ЕАЭО-тың парламенті сияқты қандай да бір ұлттықтан жоғары тұрған саяси органдарды құруға үзілді-кесілді қарсы.
        Елдің тағдырын шешетін шешімдер бұрынғысынша Қазақстанмен дербес қабылдануы тиіс және бұл біздің мемлекеттік органдардың ерекше міндеттері болып табылады» - деп атап өтті Азат Перуашев.