10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Біз жалпы нарық және ашық бәсекелестік жолын таңдаймыз - Азат Перуашев

11 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Біз жалпы нарық және ашық бәсекелестік жолын таңдаймыз - бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда, Ресейде де және Белоруссияда да өз өнімдерін ойдағыдай сатып жүрген кәсіпорындар бар. Біз қалағандай  соншалықты көп емес, бірақ олар бар, сондықтан қалғандардың барлығы нақ соларға қарап бейімделуі тиіс. Ал оларға даму және ілгерілеуі үшін жаңа нарық және ашық бәсекелестік керек.
Алайда, «бізге тиіспеңіздер, бізге онсыз да жақсы, ешқандай да интеграция керегі жоқ» деп шуылдайтындар да бар. Бұл кәсіпорындар бәсекелестіктен қорқады, өзімен жұмыс істеуге, күреске және дамуға дайын емес. Өкінішке орай, осындай жігерсіз  көпшілік әрдайым кері тартады, олар солай әрқашанда жаңаға қарсы шығады.
Тіпті оптимистік есептер бойынша иновациялық-белсенді кәсіпорындар әрқашанда азшылықта. Бірақ солардың өнімдері сұраныста болады, себебі олар технологиялы және бәсекеге қабілетті. Ал қалғандары көнтерілікпен бұрынғыша «ақша жасап отыр». Бұл оларға ұнайды. Бірақ мұндай мүмкіндіктер бәсекелестік шеңберінде тарылатын болады. Осыны барлығы да түсінуі керек», - деп атап өтті «Ақ жол» партиясының көшбасшысы.
Ол, кертарпа көпшілік пайдақорлық мақсатында интеграциясыз, жаңа нарықсыз жұмыс істеп кетуі мүмкін болмайтын алдыңғы қатарлы өндірістердің дамуына шектеу қоймауы тиіс деп есептейді.
Перуашев, бәсекелестік басқа кәсіпорындарды да жұмыс істеуге және дамуға мәжбүр ететініне сенімді.
«Бәсекелестіксіз даму жоқ», - деп атап өтті ол және ірі мемлекет, қуатты өнеркәсіп және өзінің өндірушілерін және ішкі нарықты сыртқы бәсекелестерден  толық қорғаған КСРО-ның тәжірибесін еске салды.
Бірақ, сол кезде біз не кидік, қалай ауқаттандық. Бүгінде кейде  сол заманды дәріптеп жатады, бәрі болды дейді. Ал, мен 80-ші жылдары Свердловскіде қалай оқығаным есімде, бар азық-түлік – май, қант, шұжық, ет – карточкамен болды. Жаңа жыл қарсаңындағы ашыққандардың бүлік салғаны есімде, жұмысшылар дүкендерді ойрандаған, онда жаңа жылдың алдында конфет те, шай да болмаған.
Нақты бәсекелестіктің және нарық тетіктерінің болмауы осыған әкелді, адамдар ашықты, қолға түскенді киді, ал экономика, тауарлардың сапасы туралы айтпағанның өзінде, қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмады. Сол кезде айналадағы барлық әлем нақты қоғамның мүдделеріне  бағдарланған болатын.
Сондықтан, біз экономиканың жабықтығын және тоқтап тұрғанын емес, басқа жолды – жалпы нарық және ашық бәсекелестікті таңдаймыз», - деп толықтырды А.Перуашев.