10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

«Егер ЕАЭО аясында қаржы табу мүмкіндігі пайда болса, одан бас тарту ақылсыздық болар еді»-Азат Перуашев

            2014 жылғы  11 маусым, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.

            Егер ЕАЭО аясында қаржы табу мүмкіндігі пайда болса, одан бас тарту ақылсыздық болар еді- деп мәлімдеді Азат Перуашев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

            «Бүгінде Қазақстан серіктестері алдында салық деңгейі, іскерлік ахуал бойынша айтарлықтай  басымдылыққа ие. Doing Business  рейтингінде 2013 жыл бойынша, Қазақстан әлемде-50-ші орын алды, Беларусь-63-ші орын, РФ-92-ші орында. Яғни, 170 миллиондық нарығы бар Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге ниет білдіретін бірталай инвесторлардың табылатыны да белгілі. Бірақ көріп отырғанымыздай, бұл одақтың ішінде, инвесторлар үшін қолайлы жағдай Қазақстанда жасалынған»-деп Парламенттегі демократиялық фракцияның көшбасшысы атап өтті.

            «Кедендік одақ құрылғаннан кейін мыңдаған ресейлік компаниялар ҚР келді, мұндай беталыс қазірдің өзінде бар, және мұны ресей сарапшылары  алаңдаушылықпен айтып отыр»,-деді Перуашев.

            «Жалпы алғанда 4 жылда Кедендік одақ құрылғаннан бастап, шет елдік инвестициялардың ҚР тікелей келуі 2009 жылы 34%-21 млрд.доллардан 2012 жылы 28 млрд.долларға дейін өсті. Бұл біздің бәсекелестік басымдылыққа ие екендігімізді куәландырады»-деп санаймын.

            «Бірақ бұл сандармен арқаны кеңге салуға болмайды,-деді Азат Перуашев. Айталық, 2009 жыл-бұл дағдарыстың шыңы еді, онда бүкіл әлем бойынша инвестиция  да аз болатын. Сондықтан көрсетілген өсім негізінен азайтылған болып табылады.

            Дегенменде кез келген жағдайда, мен құлаққа жақпайтын сөз айтармын, бірақ есесіне «кәсіпкер» ретінде адалдықпен қаржы табу мүмкіндігі пайда болса, одан бас тарту ақылсыздық болар еді дегім келеді. Ал ондай мүмкіндіктер ЕАЭО пайда болуымен құрылады».