06
Маусым

Санат жоқ 06.06.2014

«Ақ жол» ҚДП МОФ ұжымы Маңғыстау облыстық «Айналайын» балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерекесіне орай «Балаларға мереке сыйла» атты шараға қатысты

6 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
6 маусым күні Маңғыстау облыстық «Айналайын» балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерекесіне орай «Балаларға мереке сыйла» атты шара болып өтті. Балаларды қорғау күніне орай  өткізілген «Балаларға мереке сыйла» шарасының аясында, ауыр науқаспен ауыратын 64 балаға арналған мерекелік концерт пен демеушілердің көмегімен дайындалған дастархан ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ өнерлі балалар әннен шашу шашып, би билеп тамаша өнер көрсетті. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Рахат Елтизаровқа  құттықтау сөзі беріліп, «Айналайын» балаларды дамыту орталығы ұжымының бірқатар  қызметкерлеріне, осы шараға демеушілік көрсеткен «атымтай жомарттарға» және балаларға тамаша көңіл-күй сыйлап жүрген азаматтар мен азаматшаларға  алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында көптеген шараларға мұрындық болып, демеушілік көрсетіп жүрген Маңғыстау облысы бойынша парламенттік фракцияның қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі, жас кәсіпкер Болатбек Абулхайров және «Ақ жол» ҚДП МОФ белсендісі, Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театрдың  жас актрисасы Дина Ахмеджан қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік құттықтаулар одан әрі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығының директоры Амангүл Джайылхановаға, «Айналайын» дамыту орталығының директоры Гүлжанат Мұратбайға берілді. Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП МО филиалымен тығыз байланыста жүрген облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдың бірлестіктер және партиялармен жұмыс бөлімінің маманы Жансая Исмагулова және «Ақ жол» ҚДП МОФ ұжымы да осы шараға қатысып, «айналайынның» талантты балаларының   өнеріне тәнті болып қайтты. Мерекелік дастархан соңы теңіз жағасында арнайы дайындалған тілек шарларын ұшырумен жалғасын тапты.

    

«Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Жаңбырбай Матаев Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының жауапты қызметкері Жансая Исмагуловамен бірге Ақтау қаласындағы кезекті қоғамдық-мәдени  шараға филиалдың қатысу мүмкіндіктерін талқылау сәті.


«Айналайын» балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерекесіне орай «Балаларға мереке сыйла» атты шара