10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Азат Перуашев: ҮИИДМБ-ның бірінші бесжылдығының нәтижесінде қазақстандық экономиканың құрылымының өзгере бастағанын экспорт деректері растайды

10 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы ҮИИДМБ-сын жүзеге асыру барысын жиі сынға алып отырғанына қарамастан, ҮИИДМБ-ның бірінші бесжылдығының нәтижесінде қазақстандық экономиканың құрылымының біртіндеп өзгере бастағанын жоққа шығаруға болмайды  – бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді.
Біз үшін өзіміздің экономиканы шикізаттық ретінде көрсету дағдылы нәрсе. Сондықтан, жалпы экспорттың сандарын дайын және өңделген өнімдердің экспортының өсуімен салыстыру көрнектірек болып табылады. Оның өсуі озық қарқынмен жүрді – ол 97 %-ға өсті. Нәтижесінде, экспорттағы өңделген тауарлардың үлесі 45-тен 54 %-ға дейін өсті, - деп атап өтті ол.
Бірігудің оң факторлары туралы айта отырып, ҚДП жетекшісі келесі деректерді келтірді: Кедендік одақта өзара әрекеттестіктің нәтижесінде Қазақстан үшінші елдерге, мысалы, бірқатар Еуроодақ елдеріне және ҚХР-на экспортты күшейтті.
«Аймақтық интеграцияның «шоғырланымдық» сипатын атап айту керек, оны өзара сауда-саттықтың өсуі ғана емес, сонымен бірге ел аралық өндірістік кооперациялардың негізінде үшінші елдерге экспорттың өсуі де  білдіреді.Бұл өте маңызды және ерекше оң құбылыс, оның ықпалын күшейту үшін сарапшылар зерттеуі қажет.
Жалпы алғанда, Кедендік одақ шеңберінде Қазақстан экспорты 2009 жылдан 2013 жылға дейін 64  %-ға өсті, 2009 жыл бұл – дағдарыстың шыңы, онда сауда көлемі төмен болды», - деп толықтырды ол.
А.Перуашевтің пікірі бойынша экспорттың өсу көрсеткіштері, біздің экономиканың құрылымының бұзылуының мән-жайын талдау көзқарасы тұрғысынан да маңызды.
Дағдарысқа дейінгі 2007-2008 жылдары барлық тәсілдермен біздің ішкі тұтынушы нарығын толтыру үшін  іс жүзінде ашық экономика құрыла бастады. Бұл іс жүзінде тұтынушылық тауарлар өндірісін, және көптеген өнеркәсіпке арналған тауарлардың жоғалуына әкелді.
«Президенттің өте маңызды тапсырмаларын жауапты мемлекеттік органдардың қалай орындайтындарына қатысты өзімнің сыни көзқарасымды тағы да растаймын. Бірақ, ҮИИДМБ-мен берілген қазақстандық экономиканың құрылымының өзгеру процесі, енді тек қана өсуі және жылдамдық қосуы қажет.
«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Президент Н.Назарбаевтың индустрияландыру бағдарламасын 2008 жылы әлемдік дағдарыстың ең қызған шағында бастауға рұқсат бергенін еске салды. Бұл шешім тек дағдарыстан шығуға ғана емес, кәсіпорындарды жетілдіруге, жаңа технологиялар әкелуге көмектесті, соның нәтижесінде өңделген өнімдердің экспорты пайда болды.
«Ақ жол» партиясы Парламенттегі бизнес өкілі ретінде бұл процесті мұқият қадағалап отыратын болады», - деп мәлімдеді А.Перуашев.