04
Маусым

Санат жоқ 04.06.2014

Теңіз жағасында көк тудың желбірегені...

4 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
А.ж. 4 маусымында Ақтау қаласында Қазақстан патриотизмін дамыту мақсатында ҚР мемлекеттік  рәміздер күніне орай айтулы шара болып өтті. Бұл шараға «Ақ жол» ҚДП МОФ заңгері Қ.Көшбаев, белсенді мүшелері А.Сейдмұрадова, К.Сержан және баспасөз хатшысы М.Жеткізгеновалар қатысып қайтты.  Алдымен ҚР мемлекеттік рәміздері салтанатты түрде Ақтау қаласының орталық көшесімен Астана алаңына жеткізілді. Салтанатты мининг  ҚР мемлекеттік гимнімен ашылды. Одан әрі  Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевқа сөз беріліп, барша қазақстандықтарды және  Ақтау қаласының тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ салтанатта II  ранг капитаны, ҚР әскери-теңіз күштері оқу орталығының төрағасы Қуандық Бердіғалиев, Лондон олимпиадасының күміс жүлде иегері Әділбек Ниязымбетов және Ш.Есенов ат. КМИТУ студенті, оқу озаты, студенттік парламент мүшесі Гаухар Нұрғалиларға  құттықтау сөзі берілді. Қазақстан патриотизмін дамыту мақсатында өткізілген шараның соңы эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, маңғыстаулықтарға әдемі көңіл-күй сыйлады. Осылайша теңіз жағасында көк тудың желбірегені  жиналған жұртшылыққа ерекше әсер беріп, жүректерге қуаныш сезімін ұялатты.

           
                                               Салтанатты минингке қатысушылар