12
Маусым

Санат жоқ 12.06.2014

«Ақ жол» партиясы Еуразиялық экономикалық одақта салық мөлшерлемелерін теңестіруге қарсы шығады - Азат Перуашев

12 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы Еуразиялық экономикалық одақта салық мөлшерлемелерін теңестіруге қарсы шығады– бұл туралы Азат Перуашев а.ж. 9 маусымда өткен ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді
«Қазақстанның салық салудағы анағұрлым либералды деңгейі Еуразиялық экономикалық одақта бәсекелестіктегі басымдылығы болып табылады. Мысалы, ҚҚС бойынша бізде 12 %, Ресейде - 18 %. Мұндай жағдай логистикалық шығындарды және өндіріс көлемінің аздығын жояды, бұл тауарлардың өзіндік құнына әсер етеді.
 Бұл, Қазақстан Республикасындағы аса қолайлы іскерлік және инвестициялық ахуалдың басты себептерінің бірі. Осы ахуалды сақтаған кезде, бізде өндіріп, Ресейге сату тиімдірек болады. Бірақ, мөлшерлемелерді теңестірген жағдайда, біз мұндай басымдылығымызды жоғалтамыз, себебі біздің еуропалық бөлікте орналасқан негізгі ресейлік нарықтан шалғайда орналасуымыз және кішігірім ішкі нарық жағдайында өндірістің өзіндік құнының неғұрлым жоғары болуы Қазақстанда өндірісті тиімсіз етеді.  
Осы жағдайды түсіне отырып, ресейлік тараппен  Кедендік одақ құрылған сәттен бастап салық мөлшерлемелерін теңестіру туралы мәселе көтеріліп келеді. Оның үстіне, 2012 жылы Еуразиялық экономикалық комиссиясымен Кедендік одаққа қатысушы-елдерде  ҚҚС-ның мөлшерлемелерін жақындастыру тақырыбына байқау жарияланып,  өткізілген де болатын.
Салық саясаты әр мемлекеттің егеменді құқығы болып табылады, - деп атап өтті Азат Перуашев. Ол, Одақ мүшелерінің әрқайсысында дербес болып қалатын мемлекеттің бюджетін толтыруды қамтамасыз етеді; сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерді ынталандыратын құрал. Бұл тәсілдемелерде дербестікті сақтамайынша инвестиция үшін ашық бәсекелестік жоғалады, ол неғұрлым сыйымды және  ықшам нарығымен ең ірі қатысушыға, яғни Ресейдің еуропалық бөлігіне автоматты түрде құйылатын болады.» 
Азат Перуашев, Еуразиялық экономикалық комиссияның осындай мәселені қоюына «Ақ жол» ҚДП фракциясы 2012 жылы 5 желтоқсанда Парламентте Үкіметке ұлттықтан жоғары тұрған органдарға салық саясатын жасау бойынша міндетін берумен үзілді-кесілді келіспейтінін білдіріп депутаттық сауал жолдағанын еске салды.
Содан кейін сауалға алынған жауапта ҚР Үкіметі Еуразиялық экономикалық комиссиясына қазақстандық салық заңнамасына түзетулер әзірлеуге уәкілдік бермегенін хабарлады.
Алайда, зерттеу комиссияның тапсырысы бойынша зерттеу қайдағы бір ресейлік консалтингтік компаниямен жүргізілген болатын, бұл деректің өзі-ақ осындай талпыныстардың қауіптілігін білдіреді.
Қазақстандық демократтардың көшбасшысы Үкіметті осындай үрдістердің барлығын назарда ұстауға шақырды және «Ақ жол» партиясы алдағы уақытта ұлттық мүдделерге, қазақстандық экономиканың және отандық бизнестің мүдделеріне нұқсан келтіретін жобаларға алдағы уақытта да үзілді-кесілді қарсы шығатынын мәлімдеді.
Осыған байланысты ҚДП төрағасы, «Ақ жол» партиясы, Қазақстанның мемлекеттік органдары үшін заңнамалық мәселелерді қоса алғанда, маңызды шешімдерді қабылдауда дербестікті сақтай отырып, ЕАЭО-та интеграцияның тек экономикалық сипаты болуын ғана  қуаттайтындығын тағы да атап өтті.
Экономикалық саясатты үйлестіру және үндестіру бойынша жұмыстарды жүргізуге болады және жүргізу керек, себебі бұл дамуға және өркендеуге көптеген мүмкіндіктер ашады. Мен айтып кеткендей, егер табыс табуға мүмкіндік туып жатса – табыс таппаудың өзі күнә.
Бірақ, біздің басты бағдарымыз тәуелсіздік және ұлттық мүдделер болуы тиіс. Біздің салық саясатының үстемдігін өзіміздің ұлттық мүддеміз ретінде біз қорғауға тиіспіз» - дейді сенімді түрде «Ақ жол» партиясының көшбасшысы.
 
Қосымша: 2012 жылғы 5 желтоқсандағы «Ақ жол»  ҚДП-ның баспасөз-релизі
Азат Перуашев: Еуразиялық экономикалық комиссия жоспарлаған Ресеймен ҚҚС ставкаларын «үйлестіру» Қазақстанның экономикалық мүддесіне қайшы келеді
5 желтоқсан 2012 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз-қызметі
            Ресейлік серіктестеріміздің салық ставкаларын үйлестіру жөніндегі ұсыныстары өз өндірушілерін қолдау және қазақстандық салық жүйесінің басымдылығын жою мақсатын көздеп отыр – деп мәлімдеді Азат Перуашев бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтің атына жолданған депутаттық сауалында.
            «Біз өз еліміздің ұлттық экономикасының мүддесінен шығуымыз керек» - деп толықтырды «Ақ жол» партиясының төрағасы.
«Кедендік одақ құрылған сәттен бастап, үйлесімділік процестері ең әуелі  кедендік тарифтерінің және техникалық реттеулер салаларына қатысты екені, ал либералдық салық жүйесі Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістікте Қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекелестік басымдылығы болатыны» - айтылып келеді  деді А.Перуашев.
Алайда, сауалда көрсетілгендей, Еуразиялық экономикалық комиссиясымен ұлттық салық жүйесіне ықпал жасау жөнінде, оның ішінде  - акцизделуге тәуелді тауарлардың акциздік ставкаларын көтеруге белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның үстіне,  басқа салық түрлері бойынша да және қазақстандық салық жүйесінің басымдылығын жоққа шығару әрекеттері жалғастырыла береді деген сигналдар түсуде. Ресейлік БАҚ-да акциздер бойынша ғана емес,  ҚҚС ставкасына да үйлесімділіктің қажет екендігі қазірден талқылануда. Бұл шешімін тапқан мәселе ретінде беріліп отыр, соның аясында БЭК-тің ұлттықтардан жоғары тұрған органдары, олар ұлттық заңнамаларда болуына рұқсат еткен ұйғарынды ауытқуларды ғана талқылауға жиналады. Депутат мысал ретінде Бірыңғай экономикалық комиссияның ресми сайтындағы «Кедендік одаққа мүше-мемлекеттерде ҚҚС ставкаларының ауытқуының ұйғарымды деңгейлерін белгілеу және оларды жақындастыру бойынша ұсыныстар жасап шығару» деген тақырыпта зерттеулер жүргізу туралы хабарламаны келтіреді.
Депутаттың ойынша, қазіргі теңгерімді жоғалтып алған жағдайда қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның өз аумағында да күрт төмендейді.
Сонымен қатар, ресейлік салық жүйесінің тек қатайту факторлары (салық салу ставкаларын күрт көтеру түрінде) алынып пайдаланылуы да қауіп тудырады, ал Қазақстандағыдан әлде қайда либералды   салықтық әкімшілендіру тәжірибесінің үлгілері жайдан-жай ескерілмей қалуда.
Мәселен, Ресейде «Жалған кәсіпкерлік» бабы әлдеқашан алынып тасталған, салық даулары бойынша талап мерзімі 3 жылға дейін қысқартылған (Қазақстанда – 5 жыл); салық кодексі нормаларына ресми түсініктеме беру құқығына ие мемлекеттік орган белгіленген (бізде кез-келген түсіктеме беру, тіпті Республиканың салық комитетінің төрағасының қолы қойылған болса да, ресми болып табылмайды, бұл алдында тексерілген мерзім бойынша  қосымша есептеулермен айыппұлдар төлеуге әкеледі) және т.б.
«Үлкен өкінішке қарай, «Ақ жол» партиясы депутаттарымен ұсынылған осыған ұқсас бірнеше түзетулері, салық кодексіне өзгертулерді талқылау кезінде Заң жобасын жасаушы Қаржы министрлігімен  қабыл алынбаған.  Сонымен, келтірілген мысалдарға сәйкес Ресейден айырмашылығымыз,  бізде бұрынғы деңгейде сақталынған артық мөлшердегі салықтық әкімшілендіру қосымша салық салудың жасырын түрі болып отыр,» деп атап өтті парламенттік оппозициясының басшысы.
 «Ақ жолдықтар» Ресейлік серіктестеріміздің салық ставкасын үйлестіру жөніндегі ұсыныстары өз мақсаттарын көздеп отыр деп есептейді, атап айтқанда өз өндірушілерін қолдау және Ресей бизнесінің Қазақстаннан кетуін тыю. ҚҚС-тың неғұрлым жоғары ставкасы (18%), кезінде Ресей федералдық бюджетінің табысының құрылымында ҚҚС үлесі 2010 жылдан 2011 жылдар ішінде  30,1 пайыздан 28,7 пайызға дейін төмендеген, дәл осы уақытта Қазақстанның мемлекеттік бюджеті табысының құрылымында  12 пайыздық төмен ставка кезінде ҚҚС үлесі керісінше елеулі өскен.
Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясының депутаттары үкіметке келесі ақпараттарды беруді сұрайды:
Еуразиялық экономикалық комиссияның салықтарды үйлестіру жөнінде  зерттеу жүргізулеріне және ҚҚС ставкаларының ауытқуының ұйғарынды деңгейлерін белгілеуіне ҚР Үкіметі немесе оның өкілдері келісім берді ме?
Үкіметпен Кедендік одақтағы басқа елдермен үйлестіру аясында ҚҚС-ты көтерудің қандай кезеңдері және ставкалары жоспарлануда? (егер ондай жоспарлар бар болса);
Ресей Федерациясының бір қатар оң тәжірибесі бойынша біздің елімізде салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар жоспарлануда ма?(егер ондай жоспарлар бар болса).
«Ақ жол» депутаттары интеграция процесі тек іскерлік ахуалды жақсартатын нормаларды ғана үйлестіруі қажет екеніне сенімді және үкіметті Қазақстанның ұлттық экономикасының мүддесінен шығатын салық саясатын құруға шақырады.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды платформасын және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.