12
Маусым

Санат жоқ 12.06.2014

Еуразиялық экономикалық одақты қолдау мақсатындағы кездесу

12 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының қызметі.
«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында 2014 жылдың 29 мамырында  Еуразиялық экономикалық одаққа  үш мемлекеттің қол қоюына байланысты оқу орындарына түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс айтылған болатын. Осы ұсынысты жүзеге асыру мақсатында  11 маусым  күні «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы заңгері Қ.Көшбаев және баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова  М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжне арнайы барып,  студенттер және ұстаздар қауымымен кездесіп қайтты. Кездесудің мақсаты Еуразиялық одақты  қолдау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізу болды. Алдымен сөз алған білім ордасының басшылығы өз ойларын ашық айтып, Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдайтындықтарын атап өтті. «Ақ жол» ҚДП МОФ баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова:-  Құрметті студенттер және ұстаздар қауымы 2014 жылдың 29 мамырында Астана қаласында Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы Белорусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында Келісімге қол қойылды. Еуразиялық экономикалық одақ – саяси құрылым емес. Тек саяси мәселелерді салмақтап, мүше мемлекеттердің саяси еркіндігін шектеуді көздемейді,- деп толықтай мағұлматтар беріп өтті. Одан әрі  партияның  заңгері Қ.Көшбаев Еуразиялық одақтың тиімділігін көрсете келіп, көптеген студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ білімгерлерге бүгінгі таңдағы партияның мақсат-міндеттері, атқарылып жатқан жұмыстары және «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқау шарттары түсіндірілді. Оқу ордасына  алаштың ардақты ұлдарының бірі, тұңғыш инженер-теміржолшы, ағартушы және тарихшы  М.Тынышпаев есімі берілгендіктен   және биылғы жылы М.Тынышпаевтың туғанына  135 жыл толуына орай Алаш идеясын насихаттап жүрген «Ақ жол» партиясымен бірігіп көптеген шараларды жүзеге асыруға ниет білдірді.   
Білімгерлер Елбасының саясатын қолдайтындықтарын білдірді

«Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы заңгері Қ.Көшбаев Еуразиялық одақтың тиімділігін айта кетіп, көптеген студенттердің сұрақтарына жауап берді