10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Жаңа орынбасар партия төрағаларын қабылдады

10 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиаланың баспасөз қызметі.
09-маусым күні Маңғыстау облысы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Бану Нұрғазиева өңірдегі саяси партиялардың төрағаларын қабылдады. Кездесудің мақсаты бүгінгі таңдағы саяси партиялардың қызметімен және тыныс-тіршілігімен  жақынырақ танысу. Алдымен сөз алған Бану Ғаниқызы өзін және қызметін  таныстырып өтіп, содан соң партия төрағаларының жұмыстары тыңдалды. Қабылдау борысында партия төрағалары өздері басқарып отырған саяси партия туралы, мақсат-міндеттер және жоспарлар туралы айтып өтті. Сондай-ақ,  қордаланған мәселелер төңірегінде пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді. «Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Ж.Матаев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Ғаниқызына «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жинағын табыстап, партия жұмыстарына тоқталып: жиағы мен а тоқталып өтті. Біз бүгінгі таңда 16 бағыт бойынша жұмыс жасаудамыз. Біздің мақсатымыз Алаш ізбасарлары ретінде біртұтас Алаш идеясын тарату, ел ішінде кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, ел экономикасының негізі кәсіпкерлікті дамыту негізгі ұстанымымыз болмақ. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы жыл сайын дәстүрге айналған  «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»Жалпыұлттық байқауы биыл да өткізіледі. Өңірімізде байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер зерттеу жұмыстарын бастап та кетті,- деп атап өтті.  Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары партиялар жұмыстарына сәттілік тіледі.

         
Маңғыстау облысы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Бану Нұрғазиева өңірдегі саяси партиялардың төрағаларымен кездесті