10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Ақ жолдықтар репрессия құрбандарын еске алу шарасына қатысты

10 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
«Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облысы  филиалының қызметкерлері  31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында нәубет жылдары қаза тапқандарды еске алу митингісіне қатысты.
Бұл митингіге облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Шараға қатысушылар алдымен мемориалдағы «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  жазықсыз жапа шеккен репрессия құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Митингіде облыс әкімі А.Мырзахметов және саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтары сөз алып, тоталитарлық озбыр саясат жүргізген қудаулаудың нәтижесінде ұлтымыздың абзал арыстары құрбан болып, көптеген азаматтарымыз түрмеге тоғытылғандығын өзек жарды толқыныспен еске алды. Енді мұндай зұлмат жылдар еліміздің басына салмасын деген тілек білдіре отырып, жазықсыз жандардың рухын еске алып, ардақ тұту бүгінгі және келер ұрпаққа жүктелетін міндет екендігін атап өтті.Митингіден кейін облыс басшылығы мен зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған  мұражайда болып, зұлмат жылдардан сыр шертетін экспозициялармен танысты. 

       

«Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай еске алу митингісіне қатысушылар