28
Қыркүйек

«Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің мәселелері» – Азат Перуашевтің «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» Парламенттік тыңдауында сөйлеген сөзі

 

28 қыркүйек 2018 жыл

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер.

Бүгінде, жұмыспен қамтудың жағдайы қатты шиеленіскен.

Өкінішке орай, жауапты органдар осыны шешудің орнына, керісінше, өздерінің солақай әрекеттерімен оны мүлдем күрмеп тастады.

          

Кезінде, «Ақ жол» фракциясы Білім министріне мемлекеттік тапсырыс пен экономиканың сұраныстары арасындағы сәйкессіздік туралы сауал жолдаған болатын.

Сонда бірталай мәселе котердік. Ең алдымен білім сапасының нашарлығы, экономикалық сұранысқа ие емес мамандар шығару. Елге тек заңгерлер мен қаржыгерлер ғана емес, өндірісшілер, IT-мамандар, робототехниктер, биотехнологтар қажет.

Бірақ көптеген дарынды жастар елде орын таппай, шетке кетуге мәжбүр.

Бұл біздін экономикалық саясатының кемшілігі мен әлеуметтік әділетсіздіктін нәтижесі.

Ал осыны шешудің орнына мемлекеттік органдар кейде өзін-өзі жұмыспен қамту және шағын несиелеу тақырыбымен әуестеніп кетеді.

Сонда, «жұмыспен қамту» ұғымының экономикалық мағынасы артта қалған сияқты.

Мысалы, адам өндірген өнімін (көкөністі, ет пен сүтін) сататын жері қол жетімді болса, өзін жұмыспен қамту да, микро-несиелендіру де ақталады.

Ал, тапқан табысы, базарға дейінгі жолына кетсе, ондай жұмыстың ешқандай экономикалық мәні жоқ.

Қазақстанда логистикалық шығындар кез-келген шағын өндірісті жойып жіберуге қауқарлы.

Ал сауда айналымсыз, қаржылай кіріссіз, өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл экономика емес, бұл салық төленбейтін, қосымша құн өндірмейтін, натуралды шаруашылық.

Осыны насихаттау - XXI ғасырда, цифрландыру мен 4-ші индустриалды революция заманында, XIX ғасырдағы классиктер Үндістан үлгісінде «Өндірістің Азиялық әдісі» деп атаған примитивтік экономикаға тарту.

Мысалы, микро-несиелендіру – жаңалық ретінде Бангладеште пайда болды. Ал онда халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға 1142 адамнан келеді.

Яғни олар өз өнімдерін дәл үйінің жанында тұрып-ақ беймарал сата алады.

Ал, бізде халықтың тығыздығы – бір шақырымға - 6 адам, яғни 190 есе аз, және микро-несиелендірудін тиімділігі де дәл осындай мардымсыз.

Егер микро-несиелендіру ірі қалаларда өзін ақтайтын болса (біз мұндай мысалдарды білеміз), ал қалалық агломерацияның сыртында ол экономикалық емес, тек әлеуметтік құралға, қайырылымдыққа жатады.

Біздің пікірімізше, өзін жұмыспен қамтуды қолдайтын болсақ, онда ол экономикалық тұрғыдан ақталу керек.

Бұл жағынан бізге өзбек елінің тәжірибесі үлгі болуы мүмкін. Олар шалғай ауылдардағы кәсіпкерлерді салықтан мүлдем босатқан.

Бізде қалай, өзін жұмыспен қамтушылардың критериі бұлыңғыр болғандықтан, бұл топқа қаражаты жоқ адам да, қолда бар табыстарын әдейі жасыратын адамдар да кіруі мүмкін.

Бірақ олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі тәсіл қажет қой.

Яғни, жағдайы бар, бірақ «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін «пысықтарға» адал жұмыс істейтіндердін арқасында күн көруге жол бермеуіміз керек.

Естеріңізде болса, көлік салығына жеңілдіктерді алып тастау кезінде, ең қымбат джип пен лимузиндер жұмыс істемейтіндердің атына жазылғаны анықталды.

«Ақ жол» фракциясы жұмыспен қамту мәселесін шолақ шешпей, кәсіпорындар мен ұйымдасқан жұмыс орындарын ашу, индустрияландыру, қызмет көрсету саласын дамыту заманауи экономиканың талаптарына саймандар даярлау арқылы шешуді қалайды.

Ол үшін мектептерде кәсіптік білім беруді жаппай енгізу, шын дуалды оқытуды дамыту, яғни тиімсіз кәсіптік оқу мекемелерін қаржыландырудың орнына нағыз өндіріспен айналысатын кәсіпорындарға өндірістік оқыту және жас мамандардың тұрмыс жағдайына қолдау көрсету, субсидиялау, т.б. ынталандыру қажет деп санайды.

Оның үстіне, аймақтардағы өндіріс мекемелерін ойланып орналастыру, ішкі еңбек миграциясын үйлестіру сияқты үрдістер жұмыспен қамту мәселесіне ерекше әсер етеді.

Бұл сұрақтарды тек кешенді, жүйелі саясат арқылы ғана шешуге болар.

Назарларыңызға рақмет.