«Ақ жол» тұрғын үйге жатпайтын үй жайлардың кәсіпкер-үлескерлерінің бұзылған құқығын қорғауға шықты – ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» тұрғын үйге жатпайтын үй жайлардың кәсіпкер-үлескерлерінің бұзылған құқығын қорғауға шықты - ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

25.06.2014, 00:00

2014 жылы 25 маусымда жарияланған
 
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі 
К.К. Мәсімовке
 
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
 
            Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым аса көңіл бөлетіні белгілі. А.ж. 27 ақпандағы  Президенттің Мәлімдемесі де, мемлекеттік саясаттың осы бағыты кәсіпкерлікті қолдауға арналған болатын – онда 1 трлн. теңге бөлуден бастап ШОБ-ті тексеруге мораторий жүргізуге дейінгі  кезекті теңдесі жоқ шаралар қарастырылған.
            Сонымен қатар, жалпы мемлекеттік саясаттың осы саладағы негізгі бағдары кәсіпкерлік бастамашылығына қазақстандықтарды мейлінше көп мөлшерде тарту, шағын және орта бизнесті шынымен бүкіл халықтық әлеуметтік-экономикалық  қозғалыс жасауға ұмтылыс жүріп жатыр.
            Сонымен бірге, мемлекет кәсіпкерлікке бастамашылық үшін қолайлы жағдай жасау үшін жауапкершілікті өзінде қалдырады.
            Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтің қаржы, құрылыс, аграрлық секторларды, ШОБ және ірі индустриалдық жобаларды мақсатты қолдаған 2008-2009 жылдардағы Дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру осындай қолдаулардың көрнекті мысалдарының бірі.
            Банк жүйесінің дағдарысына және құрылыс компанияларының банкрот болғанына қарамастан, мемлекеттің қолдауымен салынып біткен үйлерден он мыңдаған қазақстандықтарға заңды баспана алуға мүмкіндік берген, ипотека алғандарды қолдау шараларын да ерекше атап өтуге болады.
            Алайда, сол кездегі өткір мәселені шеше отырып – дәлірек айтсақ, – мемлекет ипотекаға үй алған азаматтарды қорғап, жылжымайтын мүлікті алғандардың ішінен дағдарыстан зардап шеккен, сатып алынған объектілердің тұрғын үйге жатпайтын  үй жайларда шаштараз, кафе, стоматологиялық кабинеттер, дәріханалар сияқты бизнес ашуға ниеттенген кәсіпкерлердің де қатары көп болғанын назарға алмады.
            Бұл азаматтар бизнесті бастауға бел буып және мемлекеттің қолдауына сеніп, сондай-ақ банктен несие алып, кейде өзінің жалғыз баспанасын кепілдікке қойып жылжымайтын мүлік сатып алды.
Алайда, дағдарысқа қарсы бағдарламаның құрылыс саласын қолдау шарттарымен олардың мүдделері еленбеді, тұрғын үйге жатпайтын үй жайлар тартып алынды және «Жаңа құрылыс» ЖШС-і сияқты әкімдіктің жанындағы мекемелерге берілді. Сонымен қатар, сотта алынатын алаңдардың бос емес екені, олардың осы жылжымайтын мүлік үшін өз қаржысын төлеп қойған нақты иелерінің бар екені де ескерілмеді.
Бүгінгі таңда кәсіпкер бола алмай қалғандармен сатып алынған жылжымайтын мүліктің қалалық қызметке берілгеніне қарамастан, олардың одан тартып алынған мүлік үшін банкке несие төлеуді жалғастырып жатқаны туралы қарама-қайшы мысаладар көптеп кездеседі. Олар осындай несиені төлеуден бас тарта алмайды, себебі, мұндай жағдайда келешек бизнеске үміттеніп кепілдікке қойған жалғыз баспанасын банк тартып алады.
 «Кампус», «Жасқанат», «Независимость», «Байқоңыр», «Европейский», «Алтын Ғасыр», «Гранд Астана» тұрғын-үй кешендерінен тұрғын үйге жатпайтын үй жайларды сатып алған 25 үлескер тек «Ақ жол» партиясына жүгініп келді және менің қабылдауымда да болды.  Бұл азаматтар көрсетілген  үй жайларда шағын бизнестің келесі кәсіпорындарын ашуды жоспарлаған:
– 2 дәріхана және стоматологиялық кабинет
– 3 перде тігетін салон
– 2 кафе
– авиа және темір жол билеттерін сату бойынша агенттік
– 2 шаштараз және сұлулық салоны
– 4 дүкен
– шет тілдерін үйрету бойынша мектеп
– 4 мектепке дейінгі мекеме
– 2 заңгерлік қызметтерді көрсету бюросы
– 1 аспазхана және т.б.
 
Бұл объектілерде 234 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын.
 
Іс жүзінде, олармен жүзеге аспай қалған жобалары сияқты, жазықсыздан жазықсыз осындай іссіз қалған және бола алмай қалған кәсіпкерлердің саны бұдан да көп. Мұнда кем дегенде жүздеген құрдымға кеткен кәсіпкерлік бастамалар және мыңдаған жұмыс орындары туралы әңгіме болып отыр деп ойлаймыз.
Оларды дағдарыс үшін «жазалаудың» құқықтық негізі болған Үкіметтің «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы қарашадағы N 1962 Қаулысымен енгізілген өзгертулер, оған сәйкес, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен аяқталған объектілердің бірінші қабаттарындағы тұрғын үйге жатпайтын үй жайлар коммуналдық меншікке берумен  мектепке дейінгі мини-орталықтарға қайта жабдықталуы тиіс болған.  Бүгінде, үлескерлердің айтуынша, осы объектілердің көбі үшінші тұлғаларға әр түрлі қызметтер үшін жалға берілген, ал оларды пайдаланудан табыс тапқан қалалық қызмет және «Жаңа құрылыс» ЖШС-і болды (әйтседе, ЖШС-тің міндеті табыс табу емес, азаматтарға аяқталмаған құрылыстың мәселесін шешуге көмектесу болатын).
Сонымен бірге, бола алмай қалған кәсіпкерлер өздерінен тартып алынған жылжымайтын мүлік үшін банктерге төлем төлеуін жалғастыруда.
Соттың осы мәселелер бойынша шығарған шешімдерімен дауласпай, Мемлекет басшысының азаматтарды мейлінше көп мөлшерде кәсіпкерлікке тарту туралы тапсырмасына Үкіметтің назарын тағы да аударуды қажет деп есептейміз.
Егер де, жеке істерін бастауға тәуекел еткен біздің азаматтар, қолдаудың орнына салған қаржыларынан айырылатын болса, сонымен қатар банктердің алдында қарыз болып қалса – онда біз басқа кәсіпкерлерді қайдан аламыз?
Жаңа бизнесмендерді іздеп қана қоймай, олардың кесірінен пайда болмаған форс-мажорлық жағдайлардан өтуіне көмектесіп, өз ісімен айналысқандардың әрқайсысын сақтау да керек қой.
Мемлекеттік органдар мен соттардың үлескерлердің банкрот болған құрылыс компанияларына талаптар қоюына мүмкін болады деген сілтемелері де соншалықты сенетіндей емес, себебі, мемлекет өзі өзінің уәкілетті органдарының атынан осы компанияларға осындай шарттармен құрылыс жүргізуге рұқсат берген және сондықтан олардың үлескерлерге қатысты заңсыздығы және айлакерліктері үшін жауапкершіліктің белгілі бөлігін көтереді.
            Мемлекет басшысының кәсіпкерліктің кең көлемді жаңа толқынын құру, мемлекеттік және коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша саяси күш-жігерін, осы мақсатта бөлінген ауқымды қаражатты ескере отырып, «Ақ жол»партиясының депутаттық фракциясы, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысының нәтижесінде өздерінің бизнес-жобаларынан да айырылып қалған тұрғын үйге жатпайтын үй жайларға үлескерлердің ішіндегі кәсіпкерлерге жәрдем көрсету мәселелерін қарастыруды сұрайды.
             Оларға (жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде) айрықша тәртіппен басқаруына өздерінің ғимараттарын беру, мүмкін жолдардың бірі болар еді.
 
Құрметпен,
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары 

А.Перуашев

Е.Никитинская

А.Әбілдаев

Т.Ерғалиев

Н.Жазылбеков

С.Қадралиева

М.Қазбекова

А.Тұртаев