Экономиканың және тұрғындардың табыстарының ұлғаюы ЕАЭО аясындағы баға өсіміне үздік жауап болуы мүмкін – www.qazaquni.kz

» Баспасөз жарияланымдар » Экономиканың және тұрғындардың табыстарының ұлғаюы ЕАЭО аясындағы баға өсіміне үздік жауап болуы мүмкін - www.qazaquni.kz

01.07.2014, 00:00

www.qazaquni.kz (Казахстан), 24.06.2014
 
«Экономиканың және тұрғындардың табыстарының ұлғаюы ЕАЭО аясындағы баға өсіміне үздік жауап болуы мүмкін»,- бұл туралы «Ақ жол»партиясының төрағасы Азат Перуашев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің бағалардың көтерілуі мүмкін екендігі жөнінде сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді.
«Бағалардың өсуі болады деп ойлаймын. Бірыңғай экономикалық бірлестік аясындағы баға саясатының теңестірілуі бәрібір болады. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, бағалар бұрынғысынан сирек төмен түседі көбінесе, керісінше. Бірақ егер де кәсіпорынның осыған ұқсас кірістері өсетін болса, ал адамның жалақысы өссе-онда ол көп сұрақ тудырмайды»,-деп атап өтті Перуашев.
ЕАЭО нарығындағы бүгінгі бағаның жағдайы әр түрлі, ал бағаның теңестірілуі, былайша айтқанда жоғарыға қарай өрлейді. Бірақ сауатты экономикалық саясат болғанда бұдан қорқудың керегі жоқ-деп санайды депутат.
 «Өйткені, ЕАЭО құру өндірістік кооперациялар аясында жаңадан жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорынның кірістерін еселеуге және кірістердің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді-деді Азат Перуашев,-егер бұл өсім бағалардың өсуінен тезірек болып жатса, онда бағалардың жоғарылауы бізге ешқандай зиянын тигізе алмайды».
«Егер де бағалар 10 пайызға көтеріліп, ал табыстар біраз уақыттан соң 50-ге жетсе-онда қорқатын да ештеме жоқ. Егер бұл қалыпты деңгейден аспайтын болса, онда инфляцияның да дұрыс үдерістері болады. Мәселен, Еуропада егер инфляцияның деңгейі өте төмен болса, олар байбалам салар еді. Сондықтан инфляция белгілі бір мөлшерде, айталық 3-4% деңгейінде болса, дұрыс экономикалық үдерістерге себепші де болуы мүмкін »,-деп партия көшбасшысы атап көрсетті.
 «Сондықтан тек қана бағаларды тоқтату ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын ашуға ынталандыру, кәсіпорынның және экономиканы тұтастай алғанда кірістерін көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі маңызды. Сонда бағалардың біртіндеп көтерілуі әбден қолайлы болар еді – деп қорытындылады ол және «Ақ жол» партиясының фракциясы заңнамалық шарттарын құруға жан-жақты ықпал ат салысады » деп сендірді.
«Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.