Азат Перуашев: Мұны құлдық сана деп санаймыз – «Qamshy.Kz»

» Баспасөз жарияланымдар » Азат Перуашев: Мұны құлдық сана деп санаймыз – «Qamshy.Kz»

26.04.2019, 17:24

26.04.2019.

«Qamshy.Kz»

«Ақ жол» партиясы Қазақстан Республикасын отарсыздандыру және де-советизация бойынша жұмысын жалғастырады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ‘Ақ жол’ демократиялық партиясының баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. Бұл тұралы партия басшысы Азат Перуашев ұйымның құрылтайында мәлімдеді.

           

«Біз тәуелсіздіктің ширек ғасырынан кейін елдегі көшелер мен елді мекендердің атауларында елімізге бөтен және тіпті қазақ халқын қорлаған адамдардың есімдерін сақтауды құлдық сана деп санаймыз» – деп атады депутат.
       Кеше демократиялық партия құрылтайда құпия дауыс берудің нәтижесінде 49% дауыс жинаған банкир Дания Еспаеваны кезектен тыс президенттік сайлауға үміткерлікке бекітті.