30
Сәуір

Депутат Қазбекова Целиноград ауданында болды

30 сәуір 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысы, Целиноград ауданында болып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

           

Меруерт Қазбекованың жұмыс сапары аудан әкімінің орынбасары Анаш Жантемировпен кездесуден басталды. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысқан халық қалаулысы одан әрі «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасында кәсіпкерлермен кездесіп, бизнес өкілдерімен ашық әңгімелесті. Кездесу барысында депутат бизнес саласын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор мүмкіндіктер туралы мәлім етті. Өңірдегі бизнес саласының ахуалы туралы ой өрбітіп, кәсіп иелерінің көкейдегі сауалдары мен мұң-мұқтажын тыңдады.

           

Шараға қатысқан кәсіпкерлердің бірқатары жеңілдетілген несиелерді алу мүмкіндіктері жайлы сұрақтарын қойып, халық қалаулысының тарапынан тұшымды жауаптар алды.