Халық қалаулысы өндіріс орнының жұмыс барысымен танысты

» Аймақ - жаңалықтары » Ақмола облысы » Халық қалаулысы өндіріс орнының жұмыс барысымен танысты

30.04.2019, 00:00

30 сәуір 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Целиноград ауданында өткен сапары барысында депутат Меруерт Қазбекова «Capital Projects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, өндіріс орындағы жұмыс барысымен танысты.

           

Құс өнімдерін өндіру және оны өңдеп сатумен айналысатын ұжым ел экономикасына елеулі табыс келтіріп отырған бірегей ұжымдардың бірі. Кәсіпорын үй құстарының жұмыртқасы мен етін дайындау және оны нарықта сатумен айналысады. Өндіріс орнын және құс етін дайындау цехтарында жұмысшылармен кездескен Парламент депутаты шаруашылықтың даму көрсеткіштеріне жоғары бағасын берді.

           

Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспарларымен танысып, кәсіпорын ұжымдарының еңбектеріне табыс тіледі.