Депутат мектеп ұжымымен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Ақмола облысы » Депутат мектеп ұжымымен кездесті

03.05.2019, 11:06

3 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Қорғалжын ауданындағы кезекті жұмыс сапары барысында Кеңбидайық орта мектебіне барып, білім саласының қызметкерлерімен кездесті.

            

Шара барысында ұстаздармен емен-жарқын әңгімелескен халық қалаулысы ұстаздардың хал-ахуалымен танысып, білім мәселесіндегі түйткілді мәселелерге назар аударды. Жиында сөз сөйлеген депутат еліміздегі білім саласының басқа елдермен терезесін тең ету мақсатында бірталай заңдардың қабылданғанын, әлеуметтік саладағы өзекті жайлардың шешіле бастағанын тілге тиек етті.

            

Білім ордасындағы кездесу барысында сөз алғандар мемлекеттен бөлінетін атаулы әлеуметтік көмектің өте қажеттігін атап, көп балалы аналардың балаларына мемлекет тарапынан грант бөлінсе деген ұсыныстарын да білдірді.

Жиын қорытындысында депутат қойылған сауалдарды өзінің жұмыс кестесіне қойып, алдағы күн тәртібіне енгізетінін жеткізді.