06
Мамыр

Меруерт Қазбекованың төрелігімен Ақмола облысының бизнес аруы анықталды

6 мамыр, 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Көкшетауда «Қазақстанның бизнес аруы» республикалық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Шарада өңірде кәсіпкерлік саласын дөңгелетіп алып жүрген он нәзік жанды ханымдар бақтарын сынады. Арнайы жобаға бас төреші болып Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова қазылық етті.

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Тимур Нахипбеков және басқа да құрметті қонақтар қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. «Достар» мәдениет сарайынде өткен байқаудың алғашқы сынында арулар бейне ролик арқылы өздерін таныстырудан бастады. Бизнес саласындағы жетістіктерінің қалай бастау алғанын көрсететін шағын бейне түсірілімде одан әрі даму жолдары көрнекті баян етілген. Келесі кезекте арулар бейне сауал жолдаған отандық белгілі тұлғалардың сұрақтарына жауап берумен жалғасты. Тапқыр да ұтымды жауап берген қатысушылардың бұл кезеңнен де сүрінбей өтті. Ал соңғы сайыста кәсіпкер әйелдер өз өнерлерін көпшілік алдында паш етті. Үш сайыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылардан оқ бойы озық шыққан Маржан Малгаждарова бас жүлдеге ие болып, республикалық байқауға және Париж қаласына жолдама ұтып алды. Барлық қатысушыларға құнды сыйлықтар табыс етілген жоба көпшіліктің көңілінен шықты.