02
Мамыр

Берік Дюсембинов іссапармен Ұлан ауданының Тайынты ауылында

2 мамыр, 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дюсембинов іс сапар барысында Ұлан ауданы, Тайынты ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауылдықтар депутатқа осыдан бері шешілмей келе жатқан өткір мәселелерді алға тартты.

Мысалы, аталмыш ауылда ұялы байланыспен интернет желіліерінің жоқтығы, Тайынты ауылындағы ешкімге таңсық емес демалыс орындарына апарар жолдың төмен жайы, сапалы емес ауыз суы турасындағы тақырыптар депутаттың назарын алды. Кездесу қатысушылары сол аймақтағы Шыбынды көл барша шығысқазақстандықтар мен шетел азаматтарының сүйікті орындарының бірі екнін атап өтті. Алайда, мұндағы тиісті инфрақұрылымның жоқтығы туризм саласын тежеп тұрғаны анық.

Онымен қоса, ауылдық округте жер телімдерінің қайтарылу мәселесі мен мал шаруашылығын дамыту үшін арнайы жайылым орындарының жоқтығы турасындағы сұрақтар әлі де шешімін тапқан жоқ.

Кездесуде аталған мәселелерді Берік Дюсембинов парламент фракциясына жеткізетінін мәлімдеді.