Берік Дюсембинов іссапармен Ұлан ауданының Жанұзақ ауылында

» Аймақ - жаңалықтары » Шығыс-Қазақстан облысы » Берік Дюсембинов іссапармен Ұлан ауданының Жанұзақ ауылында

03.05.2019, 00:00

3 мамыр, 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылының тұрғындарымен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дюсембинов кездесті. Кездесуде көршілес Шымқора (қазіргі Ұлан) ауылының тұрғындары да қатысып, осыдан бері шешімін таппаған мәселелерді ортаға салды.

Аталған ауылдардың арасындағы жол бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстарынан өтпеген. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша бұл басты мәселелердің бірі болып табылады.

Онымен қоса, Жанұзақ ауылында спорт залдың жоқтығы да бірнеше жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың бірі. Жылдың суық мезгілдерінде балалар мен ересектердің спортпен айналысу мүмкіндігі шектеледі.

Берік Дюсембинов аталған мәселелердің барлығын парламентке жеткізіп, болашақта шешімі табылатынын айтып, «Ш. Башиков атындағы негізгі мектебіне» Сұлтанхан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан очерктері» 15 томдық кітабын сыйға тартты . Ал тұрғындар өз кезегінде депутатқа үлкен алғыстарын айтты.