Депутат Азат Перуашев Қызылорда қаласында өткен бейресми кездесуін өткізді

» Санат жоқ » Депутат Азат Перуашев Қызылорда қаласында өткен бейресми кездесуін өткізді

04.07.2014, 16:02

03 шілде 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Депутат Азат Перуашев 3 маусымда, Қызылорда қаласындағы  «NOMAD PALACE»  кешенінің мәжіліс залында филиал активімен және облыстағы белсенді кәсіпкерлермен пікір-алмасу форматында бейресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында Азат Перуашев фракция депутаттарының атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері жайында, кәсіпкерлік саласындағы түйткілді мәселелердің әлі де көптігін айтып, әкімшілік кедергілер және т.б. тақырыптар төңірегінде кеңінен тарқатып ақпарат берді. Кәсіпкерлер өз тарапынан көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салып, жан-жақты пікір алмасты.