12
Мамыр

Дания Еспаева өзінің сайлауалды үгіт науқанын Алматыдағы «Ақсай-нан» наубайханасынан бастады

12 мамыр, 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Дания Еспаева өзінің сайлауалды үгіт науқанын еліміздегі ірі наубайханалардың бірі Алматыдағы «Ақсай-нан» ЖШС бастады. Мемлекет тарихындағы тұңғыш әйел-үміткер және Республикандық штабтың жетекшісі Азат Перуашев бастаған оның жақтаушылары кәсіпорын ұжымына сайлауалды бағдарламаның басты тұстарын айтып өтті: бизнесті қолдау, ұлттық тәуелсіздік және жемқорлықпен күрес.

         Кәсіпорын ұжымы Еспаеваның әлеуметтік өнім кәсіпкерлеріне (тамақ өнімдері, киім-кешек, балаларға арналған тауарлар) арналған салықты төмендету, бизнес несиелеудің үстемақысын төмендету және несие мерзімін ұзарту туралы бағдарламалық ұсыныстарына ризалығын білдірді.

Дәния Еспаева мен оның штаб мүшелері кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің көп бөлігі әйелдерден тұратындықтан кездесуде зейнеткерлік жасқа байланысты сауалдар қойылды. Сонымен қатар қалада тіркеуі жоқ көпбалалы отбасылардың жәрдемақы және баспана алу мүмкіншілігі туралы сөз қозғалды. Комбинатта ондай аналардың саны көп екен – олар үй жалдағанымен, үй қожайындары оларды тіркеуге алғысы келмейді.



Штаб жетекшісі Азат Перуашев өз кезегінде ІІМ өкілдерінің тіркеуге алу мәселесі бойынша - тіркеуде жоқ азаматтардың жұмыс орны арқылы тіркеуге алыну мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдегенін еске түсірді.

«Бұл мәселені қарастыруға уәде беремін. Көптеген кәсіпорындардың жұмыскерлері қалада тіркелмеген ауылдың азаматтары. Олардың саны – ұжымның жартысы да болуы мүмкін. Егер оларды жұмыстан шығарсақ – кәсіпорындардың жұмысы тоқтайды», - деді Еспаева өз кезегінде.