10
Мамыр

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер тұңғыш әйел – Дания Еспаева сайлауалды үгіт науқанын 11 мамырда бастайды

Пресс-анонс

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер тұңғыш әйел – Дания Еспаева сайлау алды үгіт науқанын 11 мамырда еліміздегі ірі наубайханалардың бірі – «Ақсай-нан» ЖШС ұжымынан бастайды.

Науқанның басталу уақыты: сағат 18.00; Алматы қ. Ақсай-2 шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көш, 36 «А» мекенжайы бойынша.

Іс-шараға Дания Еспаева Республикалық штабының мүшелері, «Ақ жол» партиясының белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс үшін: 8701 111 59 65, Ерлан Акжолов