14
Мамыр

«Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Батыс Қазақстан аймақтық штабының мүшелері Орал қаласының ЖОО-дағы оқытушылар мен студенттерімен кездеседі

Пресс-анонс

15 мамыр күні «Зенит» мәдениет үйінде «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Батыс Қазақстан аймақтық штабының мүшелері Орал қаласының ЖОО-дағы оқытушылар мен студенттерімен кездеседі. ЖОО тізімі: Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар қызметі университеті, М.Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Іс-шараға аймақтық штабтың жетекшісі Серік Мерғалиев бастаған штаб мүшелері, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысады.

Сайлаушылар алдында Дания Еспаеваның сенім білдірген адамдары сөз сөйлейді: аймақтық штабтың жетекшісі Мерғалиев Серік Ролланұлы, белгілі тарихшы Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы, қалалық мәслихаттың депутаты Әжмағамбет Әлібек Әлімжанұлы, партия филиалы төрағасының орынбасары Хайрушева Рада Хайрушевна.

Іс-шараның мекенжайы: Орал қ., Сарайшық көш., 21. «Зенит» МҮ.

Басталу уақыты: 14.00

 

Байланыс үшін: 8777 245 8672 Рада