ҚР Президенттігіне кандидат Д.М. Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорны ұжымымен кездесті

» Баспасөз релиздері » ҚР Президенттігіне кандидат Д.М. Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорны ұжымымен кездесті

16.05.2019, 17:52

16 мамыр, «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалы

16 мамырда «Рауан Налко»ЖШС мәжіліс залында «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы ҚР Президенттігіне үміткер Д.М.Еспаеваның аймақтық штабы сайлаушылармен кездесті.

«РауанНалко» ЖШС – мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші, әлемнің 160 елін қамтитын халықаралық «Налко Чемпион» (NalcoChampion) компаниясымен бірлескен отандық кәсіпорын.

Кездесуді «Рауан Налко» ЖШС-і директоры Б.Әжіғалиев ашты. Бұдан кейін облыстық филиал жетекшісі Е. Юсупов партияның бағыт-бағдарлары мен сайлауалды мақсаттарымен бөлісті.

Кездесуде, сондай-ақ, облыстық филиалдың саяси жетекшісі Ә.Төлеуішов, облыстық саяси кеңестің мүшесі С.Ерубаев сөз сөйлеп, барша жиналғандарды үміткерді қолдауға шақырды.

Кәсіпорын жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оның жауаптарын алды.

«Ақ жол» партиясынан ҚР Президентігіне үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.