Азат Перуашев Ақтау қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларымен кездесті

» Президенттік сайлау 2019 » Азат Перуашев Ақтау қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларымен кездесті

20.05.2019, 09:53

18 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Үгіт науқаны барысында «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Республикалық және аймақтық штабтарының жетекшілері Азат Перуашев пен Жамбырбай Матаев ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның  ұзақ мерзімді бақылаушыларымен кездесті.

Олар сайлауды Бақылау жөніндегі миссияның мүшелері Шила Джагаб пен Александр Бедрицкиймен сайлауалды науқанның барысы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Сол күні аймақтық штаб Ақтау қаласындағы сайлаушыларға арналған бірнеше кездесу өткізді.