21 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева Қарағанды облысына келеді

» Президенттік сайлау 2019 » 21 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева Қарағанды облысына келеді

20.05.2019, 17:06

Пресс-анонс

21 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева мен оның Республикалық штабының жетекшісі Азат Перуашев Қарағанды облысына келеді. Барлық кездесулер аймақтық штабтың ұйымдастыруымен өтеді.

Үгіт науқаны бизнесті қолдау мәселелері тақырыбындағы дөңгелек үстелден бастау алады.

Дөңгелек үстелден соң, үгіт тобы қарағанды турбо-механикалық зауытқа барады.

Іс-шараға Дания Еспаеваның Ермек Әбілдин бастаған облыстық штабының мүшелері, үміткердің сенімді өкілдері, «Ақ жол» партиясының аймақтық белсенділері, БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел «Достар Әлем» МК өтеді. Мекенжайы: Строитель даңғ., 28. Басталуы: 10:00.

Қарағанды турбо-механикалық зауыттың ұжымымен кездесу уақыты: 12.00-ден 13.00-ге дейін. 

         Байланыс үшін: 8701 122 81 47 Ермек Абильдин